» » Құтырма ауруы – аса қауіпті дерт!

Құтырма ауруы – аса қауіпті дерт!

Құтырма ауруын белгілі бір емдеу әдісі жоқ. Бірақ аурудың бетін қайтаратын, вирусты өлтіретін тәсілдер бар. Алдын алу шараларына – құтырмаға қарсы арнайы вакцина енгізу жатады.
Екпе барлық травматологиялық мекемелерде салынады. Демек ит қауып немесе мысық тырнап алған, жабайы хайуандардан зардап шеккендердің барлығы сонда баруы тиіс. Уақыт өткізіп алмау  керек. Адамға шабуыл жасаған итті немесе мысықты білетін болса, оған 10 күн бойы бақылау жасалады.
Құтырған аңдар, жануарлар адамдардан қорқуын қойып, малға, адамға шабады.  Аурудың елірме түрінде ит құтырады, тіл алмайды немесе өте еркелегіш болып көрінеді. Мазасызданып, ашушаң болады, қабаған келеді, кез келген жануарға, адамға шабуыл жасайды, судан қорқады, жеуге жарамайтын заттарды жей бастайды,  жұтынуы қиындайды. Мысықтарда да құтырма көбіне еліру түрінде өтеді. Онда да ит құтырмасы секілді белгі беріп, көбіне иттер мен адамдарға шабуылдайды. Құтырма кезінде ірі қара малдар ноқтадан босауға әрекет етеді, қатты мөңірейді, жер тарпиды, басқа сиырларға, иттерге, адамдарға ұмтылады. Қой мен ешкіде құтырма мүйізді ірі қарадағыдай, жылқы мен шошқада көбіне елірме түрінде өтеді.
Қ.Құрақбаева
Қармақшы аудандық СЭБ Басқармасы жетекші маманы
06 қараша 2025 ж. 283 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 075
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 286

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031