» » ӨРІСІ КЕҢ ӨНЕРЛІ ОТБАСЫ

ӨРІСІ КЕҢ ӨНЕРЛІ ОТБАСЫ

Қазақ халқы ежелден «Отан – отбасынан басталады» деген мақалды бала санасына құйған. Оның өзіндік себебі де жоқ емес. Шаңырақтағы шаттықты сезініп өскен перзенттер ер жетіп, отау құрғанда атаанасының жолымен жүретіні анық. Халқымыз отбасы құндылығын сақтап, жұбымен жарасым табуға, ұл-қызына тәлімді тәрбие беруге, ағайын-туғанның арасында сыйластықтың орнауына ерекше мән берген. Өнегелі отбасында өсіп-өніп, өзі де шаңырақ көтергенде өзгеге үлгі болып отырған отбасының бірі – дүроңғарлық Елемесовтер отбасы.
Ауыл тіршілігінің сәні – өнегелі отбасы десек бұл әулеттің де өзіндік орны бар. Бұл шаңырақта бірлік пен береке, сыйластық пен сүйіспеншілік салтанат құрған. Жанұя мүшелерінің әрқайсысы өзара түсіністіктің, еңбекқорлықтың, адамгершіліктің үлгісін көрсетіп келеді. Олар – өнер мен татулықты, ұлттық құндылықты ұрпаққа ұлағаттап жүрген үлгілі жанұя.
Отағасы Нұрлыбек Елемесов бүгінде «Жаңажол» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарады. Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, ұжым арасында сыйлы азамат. Жұбайы Назым Нұрмағанбетова сол мекемеде есепші болып қызмет етеді. Еңбекқорлығы мен іскерлігінің арқасында әріптестері арасында құрметке ие. Үйде үлкеннің үлгілік жолын ұстанатын Зоя апайымыз да бар. Ол үнемі балаларына батасын беріп, олардың өсіп-өнуіне бар жағдайды жасайды.
Бұл отбасы – тек еңбек майданында ғана емес, сонымен бірге қоғамдық өмірде де белсенді. Әсіресе Назым Алтынбайқызы өзінің өнерімен танылып жүр. Ол ауылда ұйымдастырылатын түрлі мәдени іс-шаралардың бел ортасында жүреді. Биыл ауылдар арасында өткен «Келіндер бәйгесі» байқауында топ жарып, бас бәйгені қанжығасына байлаған. Осыған дейін де өзінің өнерлі, ибалы келін екенін көрсетіп жүр.
– Жолдасым да, өзім де көпбалалы отбасынан шыққанбыз. Қызметтік жолымыз да қатар басталды. Нағашыларым өнерге жақын. Өзім де өнерден алыс емеспін. Қыздарымыз Асылай мен Еркемай да ән мен биді жақсы көреді. Жақында аудандық өнерлі отбасылар сайысына қатыстық. Енем де, жолдасым да сахнаға шыққаныма қарсылық танытпай керісінше қолдау білдіріп отырады, – дейді ол.
Отбасының берекесі мен бақыты – олардың татулығында. Бұл шаңырақта екі қыз тәрбиеленіп жатыр. Ата-анасы оларды ұлттық құндылықтарды қадірлейтін, еңбекқор да тәрбиелі азамат етіп өсіруге ерекше мән береді. Ал олардың әжесі Зоя немерелеріне тағылымды тәрбие беріп, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеп келеді.
Нұрлыбек пен Назым – бір-біріне әрдайым қолдау білдіретін жарасымды жұп. Олар тек отбасында ғана емес, жұмыста да, сахнада да бірге өнер көрсетіп, ән салып, көпшілікке үлгі бола біледі. Бұл – отбасылық сыйластықтың, ортақ қызығушылық пен рухани үндестіктің көрінісі.
Олардың отбасы – көпшілікке өнегелі тәрбие мен өнердің, еңбек пен ынтымақтың, сүйіспеншілік пен сыйластықтың үлгісін көрсетіп жүрген әулет. Осындай отбасылар көп болса, ауылдың да, елдің де келешегі кемел болары сөзсіз.
Шаңырағы биік, босағасы берік Елемесовтер отбасында бір-біріне деген құрмет, сыйластық пен сүйіспеншілік есіп тұрады. Берекелі отбасы бақыттың кілті бірлікте, сыйластықта деп біледі. Бұл отбасының өзгелерден өнегесін арттырып тұратыны да осы ерекшелігі болса керек.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
01 қараша 2025 ж. 87 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

№81 (10449)

25 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 778
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 507

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930