» » » Жас отбасылар жарады

Жас отбасылар жарады

Жуырда облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жас отбасылар арасында «Жас отау» облыстық байқауы өтті.
Отбасы институтын қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды жаңғырту, жас отбасылардың қоғамдағы рөлін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараға Қызылорда қаласы мен 7 ауданнан іріктелген үздік отбасылар қатысып, өзара бақ сынасты.
Байқаудың негізгі мақсаты – еліміздегі үлгілі жанұяларды дәріптеп қана қоймай, олардың өнегелі өмірін кейінгі жастарға кеңінен насихаттау, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру. Тартысты сайыста аудан намысын Қармақшы ауылынан шыққан Әмзеевтер отбасы қорғады. Өнегелі отбасы үздіктердің көшін бастап, жеңімпаз атанды.
Байқауда ауданнан қатысқан Әмзеевтер шаңырағы ата-дәстүрді жалғастырып, қадыр қасиетін ұғындырып, ел арасында насихаттау мақсатында «Бесікке салу» салт-дәстүріне байланысты қойылым көрсетіп, көрерменді тәнті етті.
Шаңырақтың отағасы Бекқадыр Әмзеев – Қармақшы ауылының тумасы. Бүгінде Қызылтам ауылдық клубында әдіскер қызметін атқарады. Жары Жансая үй шаруасымен айналысады. Екеуінің Айсұлтан есімді атқамінер ұлдары бар. Шаңырақ көтергеніне аз уақыт болса да бар өнерін салып, көпшіліктің көңілінінен шықты.
– Отбасы – шағын мемлекет. Бұл байқаудың үздігі атанғанымызға шын қуаныштымыз. Жас отбасы болсақ та шаңырағымызда бірінші кезекте сыйластық пен бірлікті алдыға қоямыз. Әр отбасының өзіндік ережесі болады. Әрине, менің отбасымның өз ережелері бар. Ұстанымымыз – болашаққа дұрыс бей-жай қарамай, бағыт-бағдармен салиқалы ұрпақ тәрбиелеп, ата анамыздың разылығын алғымыз келеді, – дейді отағасы.
Топтан дара шығып, көрерменнің алғысына бөленген отбасылар бұл бастаманың балалар үшін берері мол екенін айтады. Иә, өнегелі отбасы – елдіктің тұтқасы. Сәні мен салтанаты жарасқан, берекелі шаңырақ кім-кімге болсын үлгі.
– Адам өмірі отбасынан басталады. Ал сол адами қасиет отбасынан дариды. Отбасы – махаббат, құрмет, береке мен сүйіспеншіліктің көзі, соның негізінде кез келген өркениетті қоғам құрылады, онсыз адам өмір сүре алмайды. Біздің ұстаған ең үлкен бағытымыз − ата анамызды тыңдау, олардың әрбір ісінен үлгі алу болды, – дейді отбасының келіні Жансая.

Ақнұр САҒЫНТАЙ
21 қараша 2022 ж. 683 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 312

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 411

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930