» » » Өнерлі отбасы фестивалі

Өнерлі отбасы фестивалі

Бейсенбіде аудан әкімдігімен қолдауымен Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Қазақстандағы отбасы күні мерекесіне орай «Бақытты отбасы – бақытты ел!» атты аудандық өнерлі отбасылар фестивалі өткізілді.
Мемлекет мерейінің биік болуы қашанда отбасының ынтымақ-бірлігіне тікелей байланысты. Келешегіміздің жарқын болып, алға қойған мақсаттарға жетудің кепілдігі де жанұядағы өзара түсіністік пен татулық тамырының тереңге бойлауында екені анық. Сондықтан елімізде өнегелі құндылықтарды жаңғырту мен отбасы мәртебесін арттыру мақсатында өткізілген фестивальге 14 ауылдық округтен өнерлі отбасылар қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Аталмыш фестивальде аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Дәурен Ержанов өнерлі отбасыларды құттықтап, ыстық лебізін білдірді. Фестиваль соңында өнерде де, өмірде де тағдырлары бір арнаға тоғысқан отбасыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
17 қыркүйек 2022 ж. 945 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 043
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 645

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031