» » » Өнегелі отбасы – бақытты елдің тірегі

Өнегелі отбасы – бақытты елдің тірегі

Мемлекет мерейінің биік болуы – қашан да отбасының ынтымақ-бірлігіне тікелей байланыс­ты. Келешегіміздің жарқын болып, алға қойған мақсаттарға жетудің кепілі де жанұядағы өзара түсіністік пен татулық тамырының тереңге бойлауында. Отан – отбасынан басталатынын ескерер болсақ, алдымен Отанды қорғайтын отбасы мықты болуы шарт. Ол үшін отбасылық құндылықтарды мемлекеттік деңгейде жандандыру, үлгілі жанұяларды насихаттауды қолға алу керек. Осы мақсатта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен 2013 жылдан бастап қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні» болып белгіленген болатын.
Міне, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағ­дарламалық мақаласы аясында елде отбасы мәртебесін арттыру мақсатында жыл сайын "Отбасы күні" дәстүрлі түрде мерекеленеді.
Жақында Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде «Қармақшы Жастары» жастар қоғамдық бірлестігі мен аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен және «Ұрпақтан-ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен «Бақытты отбасы – бақытты ел» атты өнерлі отбасылардың аудандық фестивалі өтті. Оны аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Серік Айдаров ашып, талапкерлерге сәттілік тіледі. Мұнан соң сахна төріне шыққан Мырзабеков, Бекеев, Тұрымбетов, Аққалиев, Смайлов, Темірбаев, Балшынов, Әбдірайымов сынды өнерлі отбасы мүшелері сан қырлы өнерін паш етіп, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Фестиваль соңында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі аудандық филиалының төрайымы Күлжауһар Раева, облыстық «Ұр­пақтан-ұрпаққа» қоғамдық бірлестігі аудандық филиалының тө­р­айы­мы Үрзахия Махамбетова және аудандық мәдениет және тілдерді дамту бөлімінің басшысы Нұршат Наурызбаевалар өнерлі отбасыларына жүрекжарды лебізін білдіріп, аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаевтың атынан жазылған алғыс хат табыстады.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
23 қыркүйек 2019 ж. 3 586 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031