» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА КАДРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА КАДРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ


Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен актив отырысы өтті. Жиын барысында бірқатар маңызды кадрлық өзгерістер жарияланып, жаңа басшылар таныстырылды.

Алдымен, Төретам кентінің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан Ғалымжан Тажмағамбетұлы Елеусінов кент әкімі қызметін өкілеттік мерзімінің аяқталуын хабарлады.

Аудан әкімі өз сөзінде:

«Әкім болу – тек лауазым емес, елмен етене араласуды, жауапкершілікті, халыққа адал қызмет етуді талап ететін міндет. Ғалымжан Тажмағамбетұлы бұл жауапты қызметті үлкен табандылықпен атқарды. Төретам кентінің даму жолында бірқатар жобалар сәтті жүзеге асып, нақты нәтижелерге қол жеткізілді», – дей келе, оның еңбегіне алғыс білдіріп, ауданның ең жоғары марапаты – «Құрмет грамотасын» табыстады.

Жиында аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов сөз алып, ізгі лебізін білдірді.

Аталған жиында 2025 жылғы 19 қазанда өткен сайлау қорытындысымен Төретам кентінің әкімі болып сайланған Сайымов Нұрлыбек Ізбасарұлы көпшілікке таныстырылды.

Нұрлыбек Ізбасарұлы – аудан жұртшылығына жақсы таныс, бұған дейін ІІІ Интернационал ауылдық округінің әкімі, сондай-ақ аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы қызметтерін абыроймен атқарған тәжірибелі басшы.

Аудан басшысы жаңа әкімге қызметінде сәттілік тілеп, тұрғындар сенімін ақтауға шақырды.

Сондай-ақ, 2025 жылдың 13 қазанынан бастап Бодыбаев Ерболат Абытұлы «Қармақшысушар» өндірістік учаскесінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Жиын соңында аудан әкімі кадрлық өзгерістер – жүйелі жұмыс пен жаңа серпінге жол ашатынын атап өтіп, жауапты лауазым иелеріне сенім білдірді.

21 қазан 2025 ж. 188 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930