» » Төретам кентінің әкімі сайланды

Төретам кентінің әкімі сайланды


Бүгін Төретам кентінде аудан әкімі Қайрат Ырзақұлұлының төрағалығымен актив жиыны өтті.
Аудан басшысы актив отырысында 14 қараша күні өткен сайлау нәтижесі бойынша аудандық сайлау комиссиясының шешімімен Төретам кенті әкімінің лауазымына сайланған Елеусінов Ғалымжан Тәжмағамбетұлын таныстырды.
Жиында жергілікті ардагерлер сөз алып, жаңадан сайланған кент әкіміне алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Елеусінов Ғалымжан – Қармақшы ауданы, Иіркөл ауылында 1963 жылы 1 ақпан күні дүниеге келген.
1985 жылы Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтында «Құрылыс инженері» мамандығын, 2001 жылы Ресей Федерациясының МЭСИ қашықтықтан білім беру институтын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1985 жылы Қармақшы ауданы Октябрь әскери совхозында мастер, прораб қызметінен бастаған.
1992-1995 жылдары Ақтөбе қаласындағы құрылыс мекемелерінде бетоншы, престеуші, монтаждаушы;
1995-2001 жылдары Төретам кентінде «Қамқор» кәсіпорын директоры, «Скендир и компания» толық серіктестігінде бас инженер;
2001-2021 жылдары Байқоңыр қаласындағы «Инфракос» РМК №1 өндірістік учаскесінде жауапты қызметтерді атқарған.
2021 жылдың 1 қазанынан бастап Төретам кентіндегі «Мир-2001» ЖШС-да өндірістік базаның директоры болып жұмыс жасап келді.

17 қараша 2021 ж. 1 322 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 431
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 235

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930