» » ЕЛ БОЛАШАҒЫ - САНАЛЫ ЖАСТАР ҚОЛЫНДА

ЕЛ БОЛАШАҒЫ - САНАЛЫ ЖАСТАР ҚОЛЫНДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы барысында “Jasyl El” жастар еңбек жасағының белсенділерімен кездескен болатын. Кездесу барысында Мемлекет басшысы қоғамдық жұмысқа белсене араласып, ел игілігі жолында еңбек етіп жүрген жастарға алғыс білдіріп, сәттілік тіледі.

Аталған жиынға біздің жерлесіміз, “Jasyl El” ұйымының белсенді мүшесі Нұрасыл Бекматов атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде есеп берді. Ол өз сөзінде көгалдандыру мен абаттандыру бағытында атқарылған шараларды баяндап, алдағы жоспарлармен таныстырды.

Президент жастардың бұл еңбегінің маңыздылығын атап өтіп:
– Бұл – өте қажетті жұмыс. Еліміз бен халқымыз үшін керек іс. Сондықтан Сіздерге табыс тілеймін. Істеріңіз сәтті болсын. Ең алдымен ниетіміз таза болуы керек. Отанымыз үшін қызмет етуге тиіспіз. Jasyl El ұйымының жұмысын қолдаймын. Жұмыстарыңыз өзге жастарға өнеге, олар Сіздерден үлгі алады, – деді.

Жерлесіміздің ел Президентіне тікелей есеп беруі – ауданымыз үшін үлкен мәртебе. Алдағы уақытта да жастардың белсенділігі мен еңбегі ел дамуына сүбелі үлес қосады деп сенеміз!

13 қазан 2025 ж. 262 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930