» » Көгалдандыру – көптің ісі

Көгалдандыру – көптің ісі

Аудан орталығында орналасқан «Мәңгілік ел» саябағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тал егу іс-шарасы ұйымдастырылды. Оған аудан әкімі Жандос Еркінбек, мемлекеттік мекеме мен кәсіпорын басшылары, қызметкерлері, сондай-ақ ардагерлер мен ерікті жастар белсене қатысты.
Аудан басшысы өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде ауданымызда кешенді санитарлық-тазалық, абаттандыру және көгалдандыру шараларының жүйелі түрде жүзеге асып жатқанын атап өтті. Бұл жұмыстар ауданымыздың экологиялық жағдайын жақсартуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады.
Сонымен қатар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков сөз алып, аталған шараның қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы маңызын ерекше атап өтіп, ардагерлер қауымы тарапынан қолдау білдіретінін жеткізді.
Қатысушылар саябақ аумағына түрлі ағаш көшеттерін отырғызумен қатар, аумақты қоқыстардан тазартып және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
«ҚТ» ақпарат
08 қазан 2024 ж. 369 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 963
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 599

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930