» » Қармақшыда тал егу акциясы өтті

Қармақшыда тал егу акциясы өтті


Бүгін Қармақшы ауданының орталығында орналасқан "Мәңгілік ел" саябағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тал егу іс-шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шараға аудан әкімі Жандос Еркінбек, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары, қызметкерлері, сондай-ақ ардагерлер мен ерікті жастар белсене қатысты.

Аудан басшысы өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде ауданымызда кешенді санитарлық-тазалық, абаттандыру және көгалдандыру шараларының жүйелі түрде жүзеге асып жатқанын атап өтті. Бұл жұмыстар ауданымыздың экологиялық жағдайын жақсартуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады.

Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Мереков сөз алып, аталмыш шараның қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы маңызын ерекше атап өтіп, ардагерлер қауымы тарапынан қолдау білдіретінін жеткізді.

Іс-шара аясында қатысушылар саябақ аумағына түрлі ағаш көшеттерін отырғызумен қатар, аумақты қоқыстардан тазартып және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

05 қазан 2024 ж. 175 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 393
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 184

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930