» » Қорқыт ата кешенінде тазалық пен руханият мерекесі өтті

Қорқыт ата кешенінде тазалық пен руханият мерекесі өтті

Ауданда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Қорқыт ата» мемориалдық кешенінде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.
Акцияға аудан әкімі Жандос Еркінбек қатысып, шараның маңыздылығын атап өтті.

— Қорқыт ата мемориалдық кешені – тек біздің ауданның ғана емес, бүкіл түркі әлемінің мәдени мұрасы. Оны таза ұстап, келешек ұрпаққа жеткізу – баршамыздың ортақ міндетіміз. Бұл шара экологиялық мәдениетті арттырып, тұрғындардың табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін оятады, — деді аудан басшысы.

Сонымен қатар, акцияда аудан әкімі ауданымыздың санитарлық жағдайын жақсартуға үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлерді марапаттады.

Одан кейін, аудандық мәслихат төрағасы Ә. Қошалақов, ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Мереков, қоғамдық кеңес төрағасы Ә. Құлдүйсенов және әйелдер кеңесінің төрайымы К. Раева экологиялық мәдениеттің маңыздылығына тоқталып, халықты қоршаған ортаны қорғауға шақырды.

Осы шарамен қатар, аталмыш кешенде V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдау мақсатында мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Мерекелік шарада ұлттық өнер мен мәдениетке ерекше назар аударылды. Әжелер ансамблі жанды дауыста халық әндерін шырқап, көрермендерге рухани әсер сыйлады, ал музыкалық оркестрдің күйлері шараның сәнін келтірді.

Сонымен қатар, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Қатысушылар қол күрес, асық ату, қазақша күрес, арқан тартыс және гір тасын көтеру сияқты дәстүрлі спорт түрлерінде бақ сынап, көрермендерге ерекше әсер қалдырды.

Шара барысында қазақтың ұлттық тағамдары дайындалып, киіз үйлер тігілді. Қонақтарға ерекше ұлттық қонақжайлылық көрсетіліп, қазақтың мәдени мұрасын сезінуге мүмкіндік берілді.

Айта кету керек, V үниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушылардың бірқатары Қорқыт ата мемориалдық кешеніне арнайы келуді жоспарлап отыр. Бұл кешен түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасы ретінде қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды.
11 қыркүйек 2024 ж. 45 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10339)

17 қыркүйек 2024 ж.

№73 (10338)

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (10337)

10 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 645

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30