» » ҚАРМАҚШЫДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЛ ЕГУ ШАРАСЫ ӨТТІ

ҚАРМАҚШЫДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЛ ЕГУ ШАРАСЫ ӨТТІ


«100 жылдық пайда ойласаң – тал ек» — қазақтың көнеден келе жатқан осы нақылы табиғатпен үндестік пен ұрпақ алдындағы жауапкершілікті меңзейді.

Бүгін Қармақшы ауданының орталығындағы «Жастар саябағында» Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ағаш отырғызу шарасы өтті.

Игі іске аудан әкімі Жандос Еркінбек, мемлекеттік мекеме басшылары, ардагерлер, жастар ұйымдарының өкілдері және еріктілер қатысты. Аудан басшысы өз сөзінде:

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы ауданымызда кең көлемде жүзеге асуда. Аудан орталығындағы көшелер мен саябақтар, қоғамдық орындар мен тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, туған жеріне жанашырлықпен қарайтын тұрғындардың тынымсыз еңбегінің нәтижесінде ауданымыз таза әрі көрікті мекенге айналып келеді. Осы орайда, бүгінгі шараға қатысып, белсенділік танытып отырған барша азаматтарға алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да осындай игі бастамалар жалғасын табады деп сенемін, – деп сөзін қорытындылады.

Жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков сөз алып, бұл бастаманың жастарға үлгі, қоғамға қажетті әрі тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті.

Шара соңында қатысушылар саябақ аумағына ағаш көшеттерін отырғызып, тазалық пен абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысты.

11 қазан 2025 ж. 185 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 122

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930