» » ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА БОЛАШАҚ

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА БОЛАШАҚ


Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен экологиялық ахуалды жақсарту, табиғатты қорғау және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында 21-26 сәуір күндері аралығында «Таза Қазақстан» кең ауқымды экологиялық акциясы өткізілуде.

Аталған науқан аясында «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» бағыттарында еліміздің барлық өңірлерінде түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Осы бастаманың жалғасы ретінде Қармақшы ауданында «Киелі мекен» акциясы өтті. Атап айтқанда, «Қорқыт ата» мемориалдық кешенінің аумағында ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылып, оған аудан ардагерлері, белгілі спортшылар, мәдениет саласының өкілдері және белсенді жастар қатысты.

Сонымен қатар, аудан көлеміндегі Марал баба кесенесі мен басқа да тарихи-киелі орындарда, саябақтар мен қоғамдық демалыс аймақтарында санитарлық тазарту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді. Аталған жұмыстар ауданның барлық елді мекендерін қамтыды.

22 сәуір 2025 ж. 439 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 120

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930