» » Жастар жалыны

Жастар жалыны

qarmaqshy-tany.kz Жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағының даму жолында аянбай еңбек ету қажет. Тарихты жаңа жетістіктермен және табысты жобалармен толтыратындар ол, әрине – жастар. Себебі жастар жаңа заманның сұранысына жылдам бейімделеді. Жаңа Қазақстанның келбеті – жаңаша ойлайтын талантты жастар.
Жастар мәселесі, олардың болашағы мен қоғамдағы орны елімізде қашанда маңызды мәселелер қатарынан түскен емес. Иә, бүгінде сан салада аудан мерейін тасытып, сүбелі еңбек етіп жүрген жастар жетерлік. Күні кеше Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде «Қазақстан – жас әрі жастардың мемлекеті» тақырыбында жастар форумы өтіп, ауданның бетке ұстар жастары мен алдыңғы буын аға толқынмен бірге бас қосты. Алғашқы құттықтау сөз алған аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы жастардың жұмысына ризашылығын білдіріп, алдағы жылға сәттілік тіледі.
– Ел болашағы – білікті басшы, бірлігі бекем халық, жігерлі жас пен білімді ұрпақтың қолында. Жастар жас шыбық сияқты, оларды қалай исеңіз, солай иілуге әзір. Сол себепті ойы мен бойын түзеп келе жатқан Жаңа Қазақстанның ілгері дамуына жастардың жастық жігері жетеді. Мемлекет әрдайым жастарға қолдау білдіріп, қамқорлық көрсетіп келеді. Биылғы жылдың өзінде жастарға арналған бірнеше жоба жүзеге асырылуда. Бұдан аудан жастары да қалыс қалмады. Қоғам өміріне аудан жастары белсенді араласуда. Олардың еңбегіне жеміс, дендеріне саулық тілеймін, – деді аудан әкімі.

Мұнан соң түрлі салада үздік еңбек етіп жүрген жастарға облыс әкімінің, облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының алғыс хаты мен 10 жасқа аудан әкімінің Qadam жастар сыйлығы, сондай-ақ 100 мың теңге сыйақы тапсырылды. Жиын соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
А.САҒЫНТАЙ
22 желтоқсан 2023 ж. 518 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10386)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 460
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31