» » АСТАНА БОЛҒАН АҚМЕШІТ

АСТАНА БОЛҒАН АҚМЕШІТ


Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен, Қармақшы аудандық К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласының Қазақ Автономиялы Республикасының алғашқы астанасы болғанына 100 жыл толуына орай «Астана болған Ақмешіт» облыстық жыр мүшәйрасы ұйымдастырылып өткізілді.
Биыл, сол тарихи сәтке – Қызылорданың Астана болғанына бір ғасыр толып отыр. Бүгінгі жыр мүшайрасының негізгі мақсаты елдің тарихын білуге, жазба ақындардың қаламын ұштап, сахнаға жол ашу.
Жыр мүшәйрасына Шиелі ауданы, Қызылорда қаласы, Жалағаш ауданы, Қармақшы аудандарынан талапкер ақындар қатыстырылды.
Жыр мүшәйрасын «Қармақшы ауданының құрметті азаматы», қоғамдық кеңестің төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов ашып, ақындарға ақжолтай сәттілік тіледі.
Мүшәйра жеңімпаздарын арнайы құрылған қазылар алқасы Үсенов Алтай Үсенұлы - /ақын-тілші, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі/ Нәзікбаев Дастан Мырзабекұлы -/ ақын, Жазушылар одағының мүшесі/ Раева Күлжауһар Төлегенқызы - /ұстаз, Халықаралық «Қазақ тілі» өоғамының аудандық филиалының төрайымы/ құрамы ақындардың шығармаларымен танысып, сахналық мәдениеті мен орындаушылық шеберліктері, және дауыс мәнерлеріне жан- жақты талдау жасады.
Ақындар туған жерге, елге деген, құрметін, сезімін өлеңмен жеткізді.
Нәтижесінде Бас жүлде - Ержігіт Бекжан /Шиелі ауданы/, 1 орын – Орынбасаров Ердәулет /Қармақшы ауданы/, 2 орын Диас Мустахимұлы /Қармақшы ауданы/, Өтепберген Нұргелді /Қызылорда қаласы/, 3 орынды – Аслан Берманов /Қармақшы ауданы/, Шадыман Теміршеқызы /Жалағаш ауданы/ өзара бөлісті.
Бүгінде Қызылорда – жаңарып, жасарып келе жатқан, болашаққа сеніммен қараған шаһар. Өткен мен бүгінді жалғаған бұл мекеннің тарихына үңілу – халқымыздың тамырын тану, рухын сезіну.
Сыр бойынан таралған шұғылалы шежіре әлі талай ұрпаққа рунаи нәр болары хақ.
Қызылорда – ұлттың үні, даланың тынысы, елдің естелігі.

03 қазан 2025 ж. 180 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 074
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 735

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031