» » Қара өлеңнің дүлдүлі – Гүлбарам ақын

Қара өлеңнің дүлдүлі – Гүлбарам ақын

Қасиет ғұрпы өн бойынан үзілмеген Сыр елі өнердің өрен жүйріктері жүйіткіген, сүлейлері мен абыздары дүркіреген тума таланттардың рухани құт мекені.
Осындай ғажайып өлкенің бір туар перзенті, Сыр сүлейлерінің мұрагері, ақын Гүлбарам Бақтиярованың туғанына - 100 жыл толып отыр.
Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен Қармақшы аудандық мәдениет және спорт бөлімінің Көшеней Рүстембеков атындағы аудандық «Жыраулар үйінің» ұйымдастыруымен «Қара өлеңнің дүлдүлі – Гүлбарам ақын» атты облыстық жыр мүшәйрасы жоғары деңгейде өткізілді. Жыр мүшәйрасының басты мақсаты - ақын Гүлбарам Бақтиярованың 100 жылдық мерйтойына және Қармақшы ауданының 95 жылдығына орай «Қорқыттың елі- Қармақшы өлкесіне» арнау жырлар ақындардың қаламынан туындаған шығармалар көпшілікке жолдану. Мүшәйраға Қызылорда қаласынан, Арал ауданы, Шиелі ауданы, Сырдария ауданы, Қармақшы аудандарынан талаптың тұлпарын мінген жүйріктер қатыстырылды. Ақындар мүшәйрасының алғашқы құттықтау сөзін Қармақшы ауданының мәслихат төрағасы Қошалақов Әділ Үсенұлы бастап, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, қоғамдық кеңестің төрағасы Құлдүйсенов Әбдірахман ағайлар ақындарға ақжолтай тілеп, сәттілік жолдады.
Жыраулық пен ақындық өнерді қанына сіңірген, халқымыздың өнер құдіретінің шоғырланып орын тепкен орта «Сыр елі- жыр елі», атанған киелі өлкеде жыр аламанына қатысқан ақындар қазылар алқасының шешімімен марапатталды. Нәтижесінде Бас жүлдені – Орынбасаров Ердәулет /Қармақшы ауданы/, 1 орынды – Асқар Әли /Қызылорда қаласы/, 2 орынды - Бекжан Ержігіт /Шиелі ауданы/ иеленсе, 3 орынды Алтынбек Қыстаубаев /Арал ауданы/, Гүлзада Есмаханова /Қызылорда қаласы/ екі ақын өзара бөлісті. Қалған барлық қатысушыларға да Қармақшы ауданы әкімінің алғыс хаттары табысталды.
Жыр мүшәйрасына Гүлбарам ақынның ұрпағы, Қорқыт ата музейінің басшысы Бақтияров Нұрлан Жеңісбекұлы арнайы қатысып, барлық қатысушы ақындарға ұрпақтары атынан сый-сияпат жасап, ұйымдастырушыларға рахмет лебізін білдірді.
«Мұрасын мәуелеткен ел, мұратқа жетеді» деген халық даналығы. Ұрпақтары мен іздеушілері барда өнер де өлең де, оны өмірге әкелген ақын- жыраулар да мәңгілік елдің жадында болмақ.
22 маусым 2023 ж. 532 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031