» » Жыр маржаны - Қармақшы

Жыр маржаны - Қармақшы

qarmaqshy-tany.kz Бүгін аудандық кітапханада Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Елге сәлем» жобасы аясында «Жыр маржаны - Қармақшы» атты кездесу кеші өткізілді. Шараның мақсаты - ауданымыздан шыққан қаламгер, ақын-жазушылар шығармашылығын насихаттау.
Кештің құрметті қонақтары ретінде ақын, ардагер ұстаз Орынкүл Тынымбаева, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, ұстаз Достық Жақсыбайұлы Тілеубергенов, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын, ұстаз Дастан Мырзабекұлы Нәзікбаев қатысты.
Қорқыт бабаның мәңгілік мекені атанған өлкеде қаламгерлер сөз алып, жырдан шашу шашты. Жас оқырмандар ақындардың өлең жолдарынан үзінділер оқыды.
01 қараша 2023 ж. 836 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 270
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 427

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30