» » » Жазба ақындардың жыр додасы

Жазба ақындардың жыр додасы

Балалар жылына орай Дүр Оңғар ауылындағы №107 орта мектепте Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жергілікті ұстаз-ақын Достық Тілеубергеновтің 60 жылдық мерейтойына арналған "Мен елімді жырлаймын" атты аудандық жазба ақындар жыр мүшәйрасы өтті.
Оның ашылу салтанатында сөз алған мектеп директоры Бақытбек Нұрманов пен аудандық білім бөлімінің әдіскері Мөлдір Жұмаева ақынның өзі және шығармашылығы жайында әңгіме өрбітті. Өлең аламанына өздерінің үкілі үмітін мәпелеп әкелген жас ақындар жыр сайыстың әрі мен сәнін кіргізді.
Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде жас ақындар өздерінің Достық Жақсыбайұлына арнауын оқыса, екінші кезеңде ақынның шығармашылығынан өлең оқыды. Қазақтың рухын асқақтатып, қара өлеңнің көсегесін көгерткен жыр додасын ұстаз-ақын Достық Жақсыбайұлы қорытындылап, жыр аламанына қатысушы жас ақындарға сәттілік тілеп, алғысын білдірді.
Мүшәйра соңында қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, жүлделі І орынға №107 орта мектеп оқушысы Дамир Ерболат, ІІ орынға Т.Ізтілеуов атындағы №29 орта мектеп оқушысы Бекқанат Смайылұлы мен Т.Көмек­баев атындағы №250 мектеп-лицей оқушысы Қайсар Қарабдиновті лайық деп таныды. ІІІ орынды А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицей оқушысы Нұргүл Сейітбекқызы мен Ү.Томанов атындағы №183 орта мектеп оқушысы Ақбота Абдрахман, №79 негізгі мектеп оқушысы Маржан Берікбол қанжығасына байлады. Жеңімпаздарға аудандық білім бөлімінің мақтау қағазы мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Ләззат ЗЕЙНУЛЛАҚЫЗЫ,
№107 орта мектеп мұғалімі
19 сәуір 2022 ж. 894 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031