» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті Қармақшы ауданының тұрғындары!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Ата Заң – Тәуелсіз мемлекетіміздің кемел келешегін айқындайтын, елдік пен бірліктің, тұрақтылық пен тұтастықтың тұғырлы тірегі.

1995 жылы бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституция – азаматтық қоғам құрудың берік негізі, демократиялық даму жолындағы басты бағдарымыз болды. 

Бүгінгі таңда Қазақстан – әлемдік қауымдастық мойындаған, дамушы елдер қатарында орнықты орны бар, болашаққа сеніммен қадам басқан ел. Бұл – Мемлекет басшысының сарабдал саясаты мен халқымыздың ынтымақ-бірлігінің нәтижесі. 

Ата Заңға сүйене отырып, өткен отыз жылда еліміздің әр түкпірінде, оның ішінде киелі Қармақшы ауданы Мемлекет басшысы мен Облыс әкімінің ерекше қолдауымен қарқынды дамып келеді.

Құрметті жерлестер!

Конституция күні – әр азамат үшін ерекше мәнге ие мереке. Бұл күн – ел болашағына деген сенімді, әділет пен теңдікке негізделген қоғам құруға деген ұмтылысты білдіреді.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!
30 тамыз 2025 ж. 152 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930