Топ-баннер
» » Құрметті аудан тұрғындары! Қымбатты жерлестер!

Құрметті аудан тұрғындары! Қымбатты жерлестер!

Баршаңызды еліміздегі басты мемлекеттік мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ата заңды ардақтау – болашаққа батыл қадам басқан егемен еліміздегі әрбір азаматтың парызы.
Конституция – халықтың өмір сүру ережесі, мемлекеттіліктің іргесін бекітіп, халықаралық ке­ ң істікте ұдайы өркендеуінің негізі болып табылады.
1995 жылы бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституция – халықтың бірлігін, қоғамдық жә не рухани келісімін нығайтып, еге мендік пен саяси тұрақтылықтың кепілі болғаны белгілі.
Өткен 2022 жыл еліміз үшін түбегейлі өзгеріс әкелгенін өздеріңіз жақсы білесіздер. Мемлекет басшысы Қасым­Жомарт Кемелұлы Тоқаев ел дамуы үшін мәні зор саяси ре формалар жариялады.
Бұл өз кезегінде елдің басты заңы – Конституцияға бірқатар өзгерістер әкелуді талап етті. Осылайша, 2022 жылдың 5 маусымында республикалық референдум өткізіліп, Қазақстан Ата заңының 33 бабына 56 өзгерту енгізілді. Бұл өзгерістер жаңару жолындағы Жаңа Қазақстанның заманауи талаптарына сай қалыптасты.
Ал «Жаңа Қазақстан» – барлық адамға тең мүмкіндік беру, экономика мен саясаттағы жасандылықты жою, елдің саяси өміріне белсене араласатын қоғамы бар өркениетті мемлекет құру болып табылады.
Қадірменді жерлестер!
Баршаңызды Конституция күнімен шын жүректен құттықтай отырып, әр шаңыраққа құт­береке, ырыс­ынтымақ тілеймін!
Тәуелсіз еліміздің іргесі берік, тұғыры нық болсын!Құрметпен,
Қармақшы ауданының әкімі Жандос ЕРКІНБЕК
30 тамыз 2023 ж. 588 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 467
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 294

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728