» » Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!


Баршаңызды халқымыз үшін маңызы зор мереке – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Биыл ел егемендігінің заңнамалық тұғыры, Тәуелсіз Қазақстан Конституциясының қабылданғанына 27 жыл толып отыр!
Конституция – егемен еліміздің мемлекеттілігін, тəуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айғақтайтын маңызды құжат.
Конституцияның негізгі тірегі - халық бірлігі, қоғамдық жəне рухани келісім, саяси тұрақтылық секілді ерекше құндылықтарды құрайды.
Мемлекет пен қоғамның орнықты дамуына жол ашқан Конституция экономикалық өрлеу мен азаматтардың əл-ауқатының артуын қамтамасыз етіп келеді.
Ата заңда көрсетілген қағидалардың салтанат құруы бұл ішкі тұрақтылықтың кепілі. Заңдылықты бұлжытпай орындау, сақтай білу жауапкершілігі арқылы біз еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ете аламыз.
Өздеріңізге белгілі биылғы жылы елімізде айрықша мәні бар тарихи оқиға, бүкілхалықтық референдум өтті.
Мемлекетіміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Еліміз үшін екінші рет өткен жалпыхалықтық референдумда Ата заңымызға ұсынылған өзгерістерді азаматтардың басым көпшілігі қолдады. Референдум нәтижесінде Конституцияның 33 бабына 56 өзгеріс енгізілді.
Оның ішінде, суперпрезиденттік басқару үлгісінен президенттік республикаға түбегейлі көшу, бірқатар билік өкілеттігін қайта бөлу, Парламенттің рөлін күшейтіп, мәртебесін арттыру, елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту, азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру бағыттары қамтылды.
Бұл Конституциялық реформалар бүкіл құқық саласын жаңғыртуға және әділ Қазақстанды құруға жол ашады.
Қадірменді ағайын!
Бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналған Ата Заңымыз Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың, тыныштығымыз бен бейбіт өміріміздің тұғырына айналды. Баршаңызды осы айтулы мерекемен құттықтай отырып, өздеріңізге зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!
Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін!

Құрметпен, Қармақшы ауданының әкімі Ерсұлтанов Әділбек Бөрібайұлы

30 тамыз 2022 ж. 264 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10301)

07 мамыр 2024 ж.

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031