» » Ата заңымыз ардақталған күн!

Ата заңымыз ардақталған күн!


qarmaqshy-tany.kz Шәмшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде Ата Заңымыз – Конституция күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Салтанатты шараға аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы қатысып, барша қауымды мемлекеттік мерекемен құттықтады.

"Ата заңды ардақтау – болашаққа батыл қадам басқан егемен еліміздегі әрбір азаматтың парызы. Конституция – халықтың өмір сүру ережесі, мемлекеттіліктің іргесін бекітіп, халықаралық кеңістікте ұдайы өркендеуінің негізі болып табылады. 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституция - халықтың бірлігін, қоғамдық және рухани келісімін нығайтып, егемендік пен саяси тұрақтылықтың кепілі болғаны белгілі.
Өткен 2022 жыл еліміз үшін түбегейлі өзгеріс әкелгенін өздеріңіз жақсы білесіздер. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ел дамуы үшін мәні зор саяси реформалар жариялады. Бұл өз кезегінде елдің басты заңы – Конституцияға бірқатар өзгерістер әкелуді талап етті. Осылайша, 2022 жылдың 5 маусымында республикалық референдум өткізіліп, Қазақстан Ата Заңының 33 бабына 56 өзгерту енгізілді.
Бұл өзгерістер жаңару жолындағы Жаңа Қазақстанның заманауи талаптарына сай қалыптасты. Ал «Жаңа Қазақстан» – барлық адамға тең мүмкіндік беру, экономика мен саясаттағы жасандылықты жою, елдің саяси өміріне белсене араласатын қоғамы бар өркениетті мемлекет құру болып табылады",- деді өз құттықтауында аудан басшысы.

Мерекелік шара аясында ауданымыздың әлеуетінің артып, экономикасының қарыштап дамуына қарымды еңбегі сіңген бірқатар азаматқа марапат табысталды.

Мәртебесі биік мереке жыраулық өнерді серік еткен жыршы-термешілер мен аудан өнерпаздарының әншашуларымен жалғасын тапты.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

30 тамыз 2023 ж. 556 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 799
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 086

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930