» » Мұзарап жыраудың 120 жылдығына арнау

Мұзарап жыраудың 120 жылдығына арнау

Қуанышты сәттерім – осы менің,
Жарық етіп, өлең жазып көсілгенім.
Бүгінгі күн – ақынның аруағына,
Арнаған өлеңімді ала келдім.
Халқыңның абыройын асқақтаттың,
Кезінде жарық жұлдыз – шыққан даңқың!
Қалайда, мадақтауға лайықтысыз,
Құндылыққа татитын әр бір хатың.
Қалың ел ұмытпайды, ұрпағыңмен,
Мың жасап келе жатсыз, дастан жырмен.
Бас иіп, талай ақын арнау жазар,
Өткенге салауат деп, талғамменен.
Кім білмес, әйгілі жыр – «Балымшаны»,
Анам айтқан – асыл ән, жастық шағы.
Келісіп-ақ кетеді дегенменен,
Оралып әсем әуен, жанса бағы.
Біздің ел – сіздің елмен құдандалы,
Мойынымыз тез бұрылар, бұрандалы.
Өнердің арқасында татулық бар,
Өрге жүзсін ауыз бірлік бұдан әрі.
Ұрпағы ұлылардың – өнерін жалғастырып,
Дариядай дала көңіл, арада орнасын нық.
Амандық, есендікпен, ізгі ниет,
Жалғасын таба берсін, ауызбірлік.
Мен көрші, Дүр ауылдан келген едім,
Елімді құрметтедім, жырды сүйдім.
Киелі жүз шайырдың мекеніне,
Алғаш рет келуім, басымды идім.
Тойларыңыз құтты болсын, жақсы ағалар,
Кішіге де кіршіксіз жаға болар,
Мен Кетеге келінмін сол себепті,
Кезі келді, сіздерге сәлем салар.
Сылтау бар, осы келген қадамыма,
Атам да емші болған заманында.
Емдегенге ұқсайды бас ақынның,
Тарихта қалған екен – бастарының аманында.
Дәрігер ата келіні бола білдім,
Бойыма асыл сөзден жақұт ілдім.
Кір келтірмей келген әулетіме,
Ұрпағымды адалдыққа меңзеп жүрмін.
Ақындардың бұрынғы ізі болам,
Құралған ақыл ойым өлең жырдан.
Бозғұлдың-Қаратамыр Бұлғағынан,
Тараған Бәйімбеттің қызы болам!
Бел баласы ақынның
Сағит еді, Бір табан өлең жырға жақын еді.
Амал не, ғұмыры қысқа болып,
Дүниеден 54 жаста ерте кетті.
Шаңырақта Раушандай келіні бар,
Бала-шаға ер жетті сенімді ұғар.
Раушан әрі туыс, әрі досым,
Тастамас деп сөзімді сенген шығар?
Ал енді, доғарайын осы жерден,
Уақыт біраз жерге келген шығар!?
Сырға АЛДАСҮГІРОВА
24 тамыз 2025 ж. 56 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930