» » ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжановтың төрағалығымен білім беру ұйымдарының басшыларына онлайн түрде мәжіліс өткізілді.

Жиынның негізгі тақырыбы – жаңа оқу жылына дайындық барысын пысықтау.

Осы орайда басқарма басшысы білім беру ұйымдарының басшыларына мектептердің оқу жылына толық дайын болуын тапсыра отырып, қатаң бақылауға алуға тиісті тапсырмаларды жүктеді. Атап айтар болсақ, 1-сыныпқа қабылдау үдерісінің заң талаптарына сәйкес жүргізілуін, барлық оқушылардың оқулықтармен толық қамтамасыз етілуін, бастысы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі шаралардың жүйелі жүргізілуін,кадр мәселесі, қаржылық тәртіпті сақтау, заң аясында әділдік, адалдық тұрғысынан жүйелі жұмыс жасау және сонымен қатар жаңа оқу жылы барысындағы оқу тәрбие жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылуын қатаң бақылау бойынша білім ұйымдары басшыларына тапсырмаларын берді.

Кеңейтілген мәжілістен кейін аудандық білім бөлімінің басшысы Абдазиева Гульзира Мажитқызы аудандық білім бөліміне қарасты мектеп директорларына басқарма басшысы тапсырған жаңа оқу жылына білім беру ұйымдарының дайындығын және санитарлық тазалықтың жай-күйін, жаңа оқу жылы аясында әлеуметтік көмек беру, "Мектепке жол " акциясын ұйымдастыру, оқулық, бірінші сыныпқа бала қабылдау,кадр мәселелері мен қаржы- шаруашылық жұмыстары мен жылу маусымына дайындық жұмыстарын және барлау қауіпсіздігі т.б жұмыстарды мерзімді түрде жүйелі орындауын міндеттеді.

Сонымен қатар білім бөлімі басшысы былтырғы оқу жылындағы жетістіктерімізді саралай келе кешегі 14-15 тамыз аралығында Астана қаласында өткізілген Республикалық Тамыз кеңесі аясындағы оқу- тәрбие жұмыстарына қатысты жаңашылдық тұрғысындағы әдістемелік негіздер барысын баяндады. Осы ретте білім бөлімінің мамандарына алдағы өткізілетін аудандық
педагог кадрларға арналған секция отырыстарын әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес жаңа форматта ұйымдастыруды арнайы тапсырды.

20 тамыз 2025 ж. 91 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 373
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 148

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930