» » МЕМЛЕКЕТКЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ – АБЫРОЙЛЫ ІС

МЕМЛЕКЕТКЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ – АБЫРОЙЛЫ ІС

Мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне жұмыс істеу – еліміздегі әрбір елжанды, ұлтын сүйер адал азаматтың міндеті десек, қате емес. Мейлі ол спортшы ма, мұғалім бе, аула сыпырушы ма, болмаса мекеме басшысы ма, ол жағы маңызды емес. Бастысы – әрбір жан өзіне жүктелген міндетті адалынан атқарып, мамандығы немесе кәсібіне құрметпен қарау. Себебі оның астарында елдің мәдениәлеуметтік, экономикалық дамуы мен ұрпағымыздың болашағы жатқаны аян. Мамандықтың қажетсізі болмайды. Бәрі де қоғам ісіне ауадай керек. Осы мамандықтар мен қызметтердің арасынан бүгін біз қоғам айнасы саналатын мемлекеттік қызмет ісіне тоқталмақпыз. Оның ішінде мақаламыз мемлекеттік қызметтің тұтқасын ұстап, ұзақ жылдан бері саланың ыстық-суығын бірдей көріп келе жатқан білікті маман Мәрия Саршаева туралы болмақ.
Ол 1974 жылы Жосалы кентінде туған. Жоғары білімді маман Қазақ Ұлттық техникалық университеті Қаратау филиалынан «Инженер- құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген.
Замандасымыздың еңбек жолы 1991 жылы ПМК-30 мекемесінің №3 құрылыс учаскесінде ІІ санатты жұмысшы болудан басталған. Осы жылы жоғары оқу орнына түсіп, оны ойдағыдай бітіріп шыққан. Мұнан соң Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде аға лаборант, 1-категориялы техник қызметтерін абыроймен атқарады.
2003-2004, сондай-ақ 2005 жылдан 2016 жылға дейін Қармақшы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы қызметінде болса, 2016 жылдан бүгінгі күнге дейін аталған бөлімнің бас маманы болып еңбек етіп келеді.
– Мамандығым – инженер-құрылысшы. Құрылыс саласы қай заманда да өзінің құндылығын жоймайтын, керісінше уақыт алға жылжыған сайын түрленіп, дамып отыратын ең бір қызықты да күрделі сала. Мамандығым еңбек жолымда мемлекеттік қызметші жолымен үндестік тапқаны – өзіме де, айналама да шабыт береді деп есептеймін. Мемлекеттік қызметші – мемлекеттің айнасы деп босқа айтылмаған. Қызметіміз қоғам мүшелерімен тығыз байланыста болғандықтан түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Одан басқа да көптеген функционалдық қызметтеріміз бар. Соның бәріне жауапкершілікпен қарау – біздің басты борышымыз, – дейді Мәрия Айтуарқызы.
Өз ісінің шебері аудан тұрғындарына электр энергиясын үзіліссіз беру мақсатында кент, ауылдық округтегі электр желілерін қайта жаңғыртуға жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу барысында тәжірибесі мен білімбілігін, күш-жігерін жұмсап, жүктелген тапсырмаларды уақытылы әрі сапалы орындауда, сонымен қатар электр желілерін жаңғырту саласына бөлінген бюджет қаржысының игерілуіне үлкен үлес қосуда.
Туған жерге еткен еңбек, төккен тер ешқашан ескерусіз қалмаған. Мемлекеттік қызметшінің де әр жылдағы еңбегі лайықты бағасын алып отырған. Атап айтқанда, аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталса, 2009 жылы аудан бойынша «Жылдың үздік тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының қызметкері» номинациясының жеңімпазы болып танылған. 2020 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл толу мерекесінде медальмен мадақталған. М.Айтуарқызы қызметте сыйлы да беделді әріптес болса, отбасында ардақты ана. Жан жарымен ұлағатты ұрпақ тәрбиелеп өсіріп отырған үлгілі отбасының ұйытқысы.
Ширек ғасырға жуық уақыттан бері мемлекеттік қызметтің тізгінін ұстап келе жатқан жерлесіміз өзінің ұсынақты ой-пікірімен, біліктілігімен ерекшеленді. Ол ұжымдағы өкшесін басып келе жатқан жастарға елге қызмет ету нағыз бақыт екенін айтудан жалыққан емес.
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА
15 шілде 2025 ж. 154 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№55 (10423)

26 шілде 2025 ж.

№54 (10422)

22 шілде 2025 ж.

№53 (10421)

19 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 141
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031