» » Салық саласының саңлағы

Салық саласының саңлағы

qarmaqshy-tany.kz Қазақта «Еңбекке икемді болсаң, еліңе сүйкімді боласың» деген тәмсіл бар. Бұл өмір тәжірибесінен алынған пәлсапа. Күнделікті күйбең тіршіліктен бір сәт босап, айналаға зер салып көз жіберетін болсаңыз, еселі еңбегімен ел құрметіне бөленіп, көпшіліктің алғысын алған жандар көп. Солардың бірі – салық саласында абыройлы қызмет атқарып, аудан бюджетінің кірісін толықтыруға зор үлес қосқан ардагер маман Қалдыбек Шалов.

Ел егемендігін алып, еңсе түзегеннен кейін салық жүйесі бүгінде заман, қоғам талабына сай өзіндік орны бар органға айналды. Мемлекеттік кірістер органдарының негізгі міндеті – мемлекет қазынасын толтыру, көлеңкелі экономикамен күресу және мемлекетіміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету екені баршаға мәлім. Салық жүйесі саласындағы түрлі өзгерістерді, жаңалықтарды көзімен көріп, әр жылдарда жаңадан енгізілген Заң жобасына сай жұмыс жүргізіп, мамандығының қыр-сырын түгел меңгерген білікті маман Қалдыбек Апбазұлы саналы ғұмырының 30 жылын салық саласына арнаған.
Өз ісінің майталманы болған Қалдекең 1960 жылы Жосалы кентінде дүниеге келген. Алғаш еңбек жолын 1977 жылы Жосалы механикалық зауытында токарь болып бастаған. Кеңес уақытында индустрияландыру бағытын жүзеге асыруда механикалық зауытта алты жыл аянбай еңбек еткен. Кейін елге қызмет етуде өз жолын басқа арнаға бұрып, 1987 жылы Алматы қаласындағы халық шаруашылық институтын «Экономист» мамандығы бойынша бітіріп шығады. Сол жылдан бастап аудандағы қаржы бөлімінде аға экономист қызметін атқарса, 1991 жылдан 2021 жылға дейін аудандағы Мемлекеттік кірістер басқармасында үздіксіз еңбек еткен.
– Кез келген саланың болсын оңайы жоқ. Қағазбастылықтан бұрын ең бірінші ауыр жұмыстан бастадық. Қолға темір ұстап, зауытқа қажетті әртүрлі бұйым жасадық. Кейіннен ғой одан біржола қол үзіп, нағыз ел ісіне келгеніміз. Ал енді салық саласы мемлекеттің негізі болғаннан кейін оның қиындығы мен жауапкершілігі мол. Мұнда қызметкерлер ел игілігі үшін, мемлекеттің болашағы деп жұмыс істейді. Мамандар үнемі ізденіп отыратын сала десем де болады. Еліміз егемендікке қадам басқан алғашқы жылдарында аудан бюджетін толтыру көздерін іздестірудегі қиындықтар мен қол жеткізген жетістіктеріміз көп болды. Жалпы мемлекеттік кірістер органдары үшін мемлекет қазынасын толтыру – басты әрі бірінші кезектегі міндет. Ұзақ жылдар бойы тапжылмай мемлекет үшін жұмыс жасағаным мен үшін үлкен мәртебе. Еңбегіміз де елеусіз емес. Қазір заман жаңарғалы білімді жастар көбейіп келеді. Ізімізді сол жас өркендер жалғастыруда, – дейді салық саласының біліктісі.

Мемлекеттік кірістер органдары – экономикалық және қаржылық қауіпсіздік мәселелерін шешудегі мемлекеттің сенімді құрылымы. Мемлекет мүддесін қамтамасыз етудегі маңызды құралы саналады.
Қалдыбек Апбазұлы бюджеттің кіріс бөлімінің нығаюына, салық қоржынының қомақты болуына бар күш-жігерін жұмсап, ауданның әлеуметтікэкономикалық деңгейінің алға басуына үлкен үлес қосқан маман. Мемлекеттік қызмет атқарған жылдар аралығында облыс, аудан бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы департаментінің Алғыс хаты және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрі Мемлекеттік кірістер комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Ерсін ӘЛІБАЙ
16 қазан 2023 ж. 632 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 017

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031