» » БАСҚАРМАДАҒЫ БАЙЫПТЫ ҚАДАМ

БАСҚАРМАДАҒЫ БАЙЫПТЫ ҚАДАМ

Елбасының жыл сайынғы Жолдауында баса айтылып келе жатқан мәселенің бірі –  елдегі шағын және орта бизнесті қолдау. Осыған сай кәсіпкерлікті дамытуда әкімшілік кедергіні азайту басты назарға алынды. Міне, осы мақсатта 2014 жылы салық кеден және экономикалық қылмыстар бөлігіндегі қаржы полициясы органының бірігуі арқылы аудандарда Мемлекеттік кірістер басқармасы құрылды.
Данияр Қосбергенов басшылық ететін айтулы басқармада он төрт  мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді. Мекемені зейнет жасына дейін басқарып, ауданға қаржы саласының кәсіби маманы ретінде танылған ҚалдыбекСүлейменов кеңес сұрап келген жастардантартынып қалмайды. Сол секілді ұжымда ұзақ жыл абыройлы қызмет еткен саланың ардагерлері Айтбай Бұғыбаев, Айман Әбдікәрімова, Бейбіт Масаева да білгенін айтудан аянбайды.
Басқармада өз ісін жетік меңгерген Оразалы-Қалихан Алдажаров, Әлия Қалиева, Қалдыбек Шалов, Нәзипа Кетебаева, Алпысбай Ержанов, Қайрат Сәден, Ораз Құлқатов, Ләззат Қыпшақбаева, Гүлзана Қожамұратова заман талабына сай еңбек етуде.
Басқарма басшысының айтуынша, басты міндет – салық төлеушіге сапалы мемлекеттік қызмет көрсету. Бұл мақсатта салық төлеушінің салық есептілігі мен өтініші электронды түрде жұмыс істейді.  Сондай-ақ, соңғы уақытта аталған қызметті тұрғындардың үйде отырып,   интернет арқылы да жолдауға мүмкіндігі мол. Байқоңыр, Төретам және Ақай ауылы тұрғындары үшін Төретам кентінде орналасқан орталықта басқарманың екі маманы қызмет көрсетуде. Бұл алдымен тұрғындардың мерзімінде салықтық қызмет алуына оңтайлы.
– Аудан бойынша 2014 жылдың қоры­тын­дысымен мемлекеттік бюджетке 1 млрд 296 млн 752 мың  теңге салық пен басқа да түсім түссе, былтыр 1 млрд 804 млн 816 мың теңге түскен, яғни алдыңғысымен салыстырғанда салық түсімі 508 млн 64 мың теңгеге, яғни 139 процентке артқан. Мұндай жетістікке басқарма тарапынан   қосымша бюджетке төленетін кіріс көзін іздестіру мен камералдық бақылау, салықтық есептілікке талдау, салық төлемгерімен әңгімелесу, түсіндірме жүргізу нәтижесінде қол жетті, – дейді Д.Қосбергенов.
Кірістер басқармасына 2014 жылы 499 заңды тұлға, 2740 дара кәсіпкер тіркелсе, осы жылдыңшілдесіне 604 заңды тұлға, 3186 дара кәсіпкер есепке алынған. Осынау басқарма құрылған 5 жылда заңды тұлға 105-ке, дара кәсіпкер саны 446-ға көбейген.
Табысқа жетудің тағы бір жолы – насихаттық жұмысы. Төлемгерге  Салық кодексінің ережесін түсіндіруде басқарма мамандарымен бірқатар семинар-кеңес, ашық есік күні, дөңгелек үстел отырысы өтуде. Бұған қоса, «Чек талап ет те – жүлде ұтып ал!» жалпы республикалық акциясы барысында биыл Төретам кентінің тұрғыны  жүлдегер атанып, ұтысқа тігілген смартфонды қанжығалады.
Биыл ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына – 5 жыл. Кәсіби мерекеге жоғары жетістікпен келіп отырған ұжым­ның еңбекке деген ықыласы керемет. «Алдағы уақытта да аудан бюджетінің кіріс бөлігін толтыруға жігерлі жұмыс істейтін боламыз» дейді басқармадағылар.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК
31 шілде 2019 ж. 932 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 023

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031