» » БІЛІКТІ МАМАН – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІ

БІЛІКТІ МАМАН – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІ

Әр саналы адам еңбек істеп өз елінің бір кірпіші болып қалануды мұрат ететіні анық. Соның ішінде мемлекеттік қызметкерлердің мақсаты ерек, міндеті үлкен. Мемлекеттік қызметке келген әрбір азамат өзінің қоғам алдындағы да, халық алдындағы да зор жауапкершілігін сезінуі тиіс. Өйткені мемлекеттік қызмет дегеніміз – елге, Отанға қызмет ету деген сөз. Ал осы абыройлы қызметтің жүгін арқалап жүрген жанның бірі – Зинекүл Аусенбаева.
Ол 1970 жылы Жосалы кентінде дүниеге келген. Кент орталығындағы №183 мектепте білім алып, Қызылордадағы Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітіреді. Еңбек жолында аудан әкімі аппаратының хатшы-машинисткасы, аудан әкімі аппаратының маманы, жалпы бөлімнің бас маманы, аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды. Қазіргі таңда аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас инспекторы болып жұмыс істеуде.
Білікті маман – мемлекеттік қызметтің беделі. Мұндағы басты міндет – халыққа сапалы әрі дер кезінде жедел қызмет көрсету. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өзінің жұмысының мәнін білу керек, өз жұмысының барлық жауапкершілік жүгін арқалап, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру үшін барлық шараны қолдануы қажет. Ал біздің бүгінгі кейіпкеріміз Зинекүл Жалғасбекқызы 25 жылдан аса осы мемлекеттік қызмет саласында аянбай еңбек етуде.
– Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы.
Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып отыр. Мемлекеттік қызметшілер алдына келген адамның мәселесіне жете мән беріп, шешіп беруге ұмтылуы тиіс. Кез келген адамды тыңдай білу және кеңдік көрсету ең алдымен адамның саналылығын білдіреді. Жүректерге жол табу, кісінің көңілінен шығу – қазаққа тән қасиет десек, халқымыз кең де көркем мінезімен көп нәрсені оңтайлы шешіп отырған. Сондықтан халыққа қызмет етудегі басты ұстаным – қарапайымдылық, әділдік пен адалдық болуы керек, – дейді ол.
Келбеті көркем кейіпкеріміздің жылы жүзді, жарқын мінезді адам екенін бір көрген адам жақсы түсінеді. Оның еңбекке деген адалдығын, шынайы болмысын әріптестері жақсы біледі. Сондай-ақ қызметтегі жауапкершілігі, ұжымдағы абыройы, ағайынға жанашырлығы, жұмыстағы ыждаһаттылығы ортасына сыйлы болған ол марапат мінберінен ылғи көрініп келеді. Бірнеше рет облыс әкімі мен аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталған оның еңбегі жас буынға үлгі.
Қазақта «Ел қуатты болмай, бақ тұрақты болмайды» деген нақыл сөз бар. Осы орайда мемлекеттілікті нығайтып, халқымыздың әл-ауқатын арттыру үшін маңызды бастамалар қолға алынуда. Ал осы негізде елге қызмет етіп жүрген жандар, ол әрине – мемлекеттік қызметші.
Қоғамда мемлекеттік қызметті тек мансап деп қарайтындар бар. Бұл өз қызметін бағаламайтындардың сөзі. Себебі, елге қызмет етуден асқан бақыт жоқ. Өз жұмысынан рухани күш алатын маман – ол қызметте білікті, өмірде бақытты адам деген сөз. Ал білікті маман, бақытты адам өз елінің көркеюі үшін еңбек етері хақ.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
22 маусым 2025 ж. 236 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (10413)

20 маусым 2025 ж.

№44 (10412)

17 маусым 2025 ж.

№43 (10411)

14 маусым 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 955
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30