Тағайындау


qarmaqshy-tany.kz Конкурстық комиссия қорытындысы негізінде, аудан әкімінің 2023 жылғы 7 тамыздағы өкімімен Қармақшы ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Бекенов Ернар Төребекұлы тағайындалды.

Е.Бекенов 1991 жылы 20 қыркүйек күні Қармақшы ауданы, Т.Көмекбаев ауылдық округінде дүниеге келген.

2013 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген.

Алғаш еңбек жолын 2014 жылы Қызылорда облысының дін істері басқармасының маманы болып бастаған.

Одан кейінгі жылдары Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының діни бірлестіктермен жұмыс жасау бөлімінің маманы, Қызылорда облысы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің инспекторы, құқық қорғау органдарымен жұмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің маманы, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы, Қызылорда облысы әкімі аппаратының бас инспекторы - облыс әкімі орынбасарының көмекшісі қызметтерін атқарған.

2022 жылдың 2 тамызынан бастап бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру, инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы қызметін абыроймен атқарып келді.

08 тамыз 2023 ж. 1 299 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 344
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 122

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930