» » ЖОҒАРЫ ҰПАЙ – ЖЫЛДАР ЖЕМІСІ

ЖОҒАРЫ ҰПАЙ – ЖЫЛДАР ЖЕМІСІ

Ұлттық бірыңғай тестілеу – жоғары оқу орнында тегін білім алуға жасалған алғашқы қадам әрі түлек бағындырар белестің бірі. Тестілеу қорытындысымен жоғары балл жинап ұстаз мерейін асқақтатып жатқандар жетерлік. Осындай оқушылар көшін бастап, Ұлттық бірыңғай тестілеуден 138 балл жинаған түлек бүгінгі мақаламыздың арқауы болмақ.
Ауданға қарасты Төребай би ауылындағы №199 мектеп – талай дарынды жасты ұшырған аудандағы іргелі білім ордасының бірі. Жоғары ұпай жинаған жас түлек, «Үздік аттестат» иегері Бақдәулет Сұлтанбеков – осы мектептің шәкірті. Кішкентайынан математика пәніне құштар болған ол біршама жетістікке жеткен. Түрлі олимпиадаға қатысып, жеңіс тұғырынан көрінген. Республикалық Ауыл мектептерінің пәндік олимпиадасында информатика пәнінен ІІ орын иеленген. Жас та болса, талабы таудай шәкірт ҰБТ-дан да оза шауып, жоғары білім деңгейін көрсетіп, 138 баллға ие болды. Кез келген талапкер мұндай нәтиже көрсету үшін уақыт пен еңбекқорлық, ізденіс керек. Бақдәулет өз бойына ізденімпаздықты, уақытпен санаспауды, шаршамай оқуды серік ете білді.
– Әрбір оқушы мамандық таңдау үшін өз бейімділігін тануы қажет. Бала кезден есепке деген қызығушылығым жоғары, сол себепті математика-информатика пәнін таңдадым. Менің 138 ұпай жинауым қажымас қайраттың, ұзақ уақыт дайындықтың арқасы. Сонымен қатар атаанамның, отбасымның маған деген сенімі, барша ұстаздарымның еңбегі деп білемін. Алға қойған мақсатым айқын, арманым асқақ. Ерінбей еңбек етіп, ізденуді серік етсем барлық арманымның орындалатынына сенемін, – дейді Бақдәулет Асылбекұлы.
Иә, қай кезде де отбасының қолдауы аса маңызды. Бақдәулет көпбалалы шаңырақтың үшінші перзенті. Бір айта кетерлігі, бұл отбасының алғашқы перзенттері де мемлекеттік грант иеленген. Әкесі Асылбек №199 орта мектепте информатика пәнінің білікті мұғалімі болса, анасы Мухаббат үй шаруашылығында. Олар ұлдарының білімге құмарлығы бала кезінен бастау алғанын айтса, мектеп директоры шәкіртін мақтан тұтады.
– Бақдәулет өте зерек, алғыр, дарынды, үздік оқушы. Жауапкершілігі жоғары. Өзі салмақты. Көп сөзге жоқ. Алайда айтар ойын жүйелі жеткізе алады. Сыныптастары арасында белсенді. Өзінің табандылығымен, ұстаздардың берген білімінің, күнделікті дайындықтың арқасында осы деңгейге жетіп отыр. Біз бабы мен бағы қатар шапқан осындай шәкірттеріміз үшін қашанда қуаныштымыз. Шәкіртімнің болашақта еліміздің көк туын желбіретіп, білім мен ғылым саласында зор жетістікке жетіп, әлемдік аренада елімізді мойындататын білікті маман болатынына сенімім мол, – дейді мектеп директоры Жаннат Құлданова.
Бақдәулет ҰБТ бойынша математикаинформатика комбинациясын таңдаған. Екі пәннен де толық 50 балды жинаған. Бұл ең жоғарғы нәтиже. Әрі көптің біріне мұндай нәтиже бұйыра бермейтіні анық. ҰБТ-дан көздеген мақсатына жеткен Бақдәулет алдағы уақытта Сүлеймен Демирель атындағы университеттің «Ақпараттық технология» саласы бойынша білім алғысы келеді. Жоғары ұпай жинап, аудан абыройын асырған түлектің жетістік жолы сәтті қалана берсін демекпіз.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
05 шілде 2025 ж. 169 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№49 (10417)

05 шілде 2025 ж.

№48 (10416)

01 шілде 2025 ж.

№47 (10415)

28 маусым 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 002
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031