» » ҰБТ-да жоғары ұпай жинады

ҰБТ-да жоғары ұпай жинады

Ұлттық бірыңғай тестілеу – жоғары оқу орнында тегін білім алуға жасалған алғашқы қадам, әрі түлек бағындырар белестің бірі. Биылғы оқу жылында тестілеу алғаш рет электронды форматта өткізілуде. Аудан түлектері бірінші мүмкіндікті бастап та кетті. Нәтиже де жаман емес. Жоғары балл жинап ұстаз мерейін асқақтатып жатқандар аз емес.
Бақытжан Қуанышбаев – ауданға қарасты Төретам кенті, Т.Жүргенов атындағы №80 мектеп-гимназиясының түлегі, «Алтын белгіге» үміткер, үздік оқушы. Ол 23 мамырда Ұлттық бірыңғай тест сынағын тапсыру барысында 132 ұпайды қанжығасына байлады. Кез-келген талапкер үшін уақыт пен еңбекқорлық, ізденіс керек. Бақытжан өз бойына ізденімпаздықты, уақытпен санаспауды, шаршамай оқуды серік ете білді.
– Әрбір оқушы мамандық таңдау үшін өз бейімділігін тануы қажет. Бала кезден есепке деген қызығушылығым жоғары, сол себепті физика-математика пәнін таңдадым. Алдағы уақытта радиотехника мамандығы бойынша грант иеленемін деген сенімдемін. Менің 132 ұпай жинауым қажымас қайраттың, ұзақ уақыт дайындықтың арқасы, сонымен қатар барша ұстаздарымның еңбегі деп білемін, – дейді Бақытжан Төребекұлы.
Ұстазын өнеге тұтқан шәкірт жөнінде мұғалімнің де айтары бар. «Ол өте білімді шәкірттің бірі. Еңбекқор, жауапкершілігі мол, мақсаты айқын, биік белесті бағындыруды қалайтын талапты оқушы. Соңғы екі жылда физика пәні бойынша аудандық, облыстық олимпиада жүлдегері. Өзі біліп қана қоймай, әрдайым өзге сыныптастарына көмектесіп, қолдау білдіреді. Тест бойынша таңдау пәнінен жалпы 45 сұрақ берілсе, соның 44-іне дұрыс жауап берді. Болашақта білікті маман боларына сенемін» дейді физика пәнінің мұғалімі Сәуле Жұмабекова.
Ал педагогика саласын таңдап отырған Мадияр Сахиев ауданға қарасты Ақай ауылындағы Елеу Көшербаев атындағы №279 мектеп-лицейінің түлегі, үздік оқушы. Ол ұлттық тестілеудің алғашқы мүмкіндігінен 130 ұпай жинап, мектеп мерейін асырды. Бұл жетістік –ұстаз бен шәкірт арасындағы тығыз байланыстың, үздіксіз оқу мен ізденудің жемісі екені анық.
– Бала кезімнен ұстаз мамандығына ерекше қызығатынмын. Есейе келе, бұл мамандық иесі атануым қажет деп түйіп, болашақта әдебиет пәнінің мұғалімі боламын деп бекіндім. Мұғалімдеріміз басымызға бақ қонса тасымауға, қиындық болса жасымауға үйретті. Мен де сол секілді балаларға өз білгенімді үйретіп, білімді ұрпақ тәрбиелегім келеді. Алға қойған мақсатым айқын, арманым асқақ. Ерінбей еңбек етіп, ізденуді серік етсем барлық арманымның орындалатынына сенемін, – дейді жас түлек.
Иә, қарапайым болмысымен, білімге құштар шәкірт аталған сында өзі таңдаған қазақ әдебиеті пәнінен толықтай 45 балды иеленген. Бұл бейім мен білімнің қатар ұштасып, біртұтас нәтиже беруінің көрінісі.
– Мадияр жауапкершілігі зор бала. Өзі салмақты, айтар ойын жүйелі жеткізе алады. Мәнерлеп өлең оқудың шебері, түрлі іс-шарада жүргізушілігімен де көзге түседі. Сыныптастары арасында белсенді. Өзінің табандылығымен, ұстаздардың берген білімінің, күнделікті дайындықтың арқасында осы деңгейге жетіп отыр. Біз бабы мен бағы қатар шапқан шәкірттеріміз үшін қашанда қуаныштымыз, – дейді сынып жетекшісі Сафура Нұржанова.
Бұл жетістіктер тестілеудің алғашқы мүмкіндігіндегі жоғары нәтижелер ғана. Алдағы уақытта 30 маусымға дейін тестілеудің екінші кезеңі жүргізіледі.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
29 мамыр 2021 ж. 737 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031