» » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ


23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер және Полиция қызметкерлері күніне орай «Аудан әкімінің кубогы» жүлдесі үшін шағын футболдан турнир өтті.

Спорттық сайыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Сондай ақ, ауданда бұқаралық спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Одан кейін мемлекеттік қызмет саласының ардагері Бахытжан Өтегенов құттықтау тілегін жеткізді.

Мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен дүбірлі спорт додасына 30 мемлекеттік мекемеден 10 команда, 150-ден аса спортшы қатысып, ала доп бәсекесінде сайысқа түсті.

Тартысты өткен турнирде «Достық» (аудандық қоғамдық даму, білім, мәдениет және тілдерді дамыту, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінен құралған)
командасы топ жарса, екінші орынға «Полиция» командасы, үшінші орынға «Құтқарушылар» (төтенше жағдайлар және өрт сөндіру бөлімдері) командасы тұрақтады.

Жеңімпаз командаларға арнайы аудан әкімінің кубогы мен дәрежелік дипломдар және қаржылай сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ, турнир аясында арқан тартыс сайысы да ұйымдастырылды. Нәтижесінде бірінші орынды «Қармақшы» (аудан әкімі аппараты, мәслихат аппараты, экономика және қаржы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімдері) командасы, екінші орынды «Намыс» (аудандық прокуратура, сот, мемлекеттік кірістер басқармасы) командасы, үшінші орынды «Полиция» командасы иеленді. Жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

22 маусым 2025 ж. 214 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930