» » Мемлекеттік қызметшілер күніне орай зияткерлік сайыс өтті

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай зияткерлік сайыс өтті


23 маусым — мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі қарсаңында «BastimeQuiz» интеллектуалдар сайысы өтті.

Білім додасына кент, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары және қызметкерлері, медицина мамандары жалпы 29 мемлекеттік мекемеден 10 команда қатысты.

Елді мекендер мен салалық ұжымдардан жиналған командалар ой қозғап, жинаған білімін, эррудициялық мүмкіндіктерін пайдалана отыра бәсекеге түсті.

Сайыс қорытындысы бойынша «Денсаулық» командасы топ жарса, екінші орынға «Лидер» (Ақжар, Ақтөбе, ІІІ Интернационал, Жаңажол елді мекендерінен құралған), үшінші орынға «Тұлпар» командасы (аудандық экономика және қаржы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінен құралған) тұрақтады

Қармақшы ауданынан алғашқы болып бастау алған ойынның мәресі облыстық ақтық сайысқа ұласады. Сайыс қорытындысымен І орын алған команда облыстық кезеңге жолдама алды.

21 маусым 2024 ж. 242 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 682
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 439

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031