» » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ – ЕЛ АЙНАСЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ – ЕЛ АЙНАСЫ

Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті. Мемлекеттің дамуы мен жетістікке жетуі де ең алдымен осы саланың мамандарына тікелей байланысты. Осы орайда мемлекеттік қызмет қатарында мінсіз қызмет атқарып келе жатқан, өзінің іскерлік әрекетімен өзгелерге үлгі болып жүрген ауданның мемлекеттік қызметкерін халыққа таныстыруды жөн көрдік. Ол – аудандық экономика және қаржы бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бюджеттің орындалуы және коммуналдық басқару секторында сектор меңгерушісі Майра Әбдірахманова.
Жалпы қаржыны тиімді жоспарлау, ауданның жылдық қажетті қаражат көзіне талдама жасай отырып, барлық саланың қажетті жылдық қаражатын тиын-тебеніне дейін есептеп, жоғары уәкілетті органдардан, облыстық және республикалық қазынадан қаражат тарту аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басты міндетіне кіреді.
Ал Майра Рысбекқызының осы саладағы атқаратын жұмысы – жүктелген міндеттерді орындау бойынша бюджеттің атқарылуы жөніндегі жұмыстарға және аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруге әзірлеу, жекешелендіруді жүргізу бойынша жұмыстарға басшылық жасау және ұйымдастыру. Сонымен қатар, аудан бюджетінің атқарылуын ұйымдастыру, аудан бюджетінің шығыс бөлігінің орындалуына мониторинг жүргізіп, бюджет қаржысының ай сайынғы бөлінісінің игерілуінің мониторингін жүргізу және талдау, аудан бюджетінің атқарылуы жөніндегі есебін заңдылықпен белгіленген мерзімде тиісті органдарға тапсыру міндеттелген.
Кейіпкеріміз ауданның тумасы. Ол осы лауазымға келмес бұрын бірнеше қызметтік сатылардан өткен. Мектепті бітірген соң облыстағы беделді жоғары оқу орындарында «Бухгалтер», кейін әрі қарай жалғастырып «Экономист-бухгалтер» мамандығын меңгерген.
Алғашқы еңбек жолын 1996 жылы Агроөнеркәсіптік кешені қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінде бас есепші қызметінен бастаса, одан кейін «Жылжымайтын мүліктер жөніндегі орталығы Қармақшы филиалының» бас есепшісі болған. 2000 жылдан бастап он жыл ішінде Қармақшы ауданы бойынша салық комитетінің Жедел топтары жұмысы бойынша салық бақылаушы маманы, аудит және еріксіз өндіру бөліміне салық маманы, ұйымдастыру және құқық бөлімінде жетекші маман, ұйымдастырушылық-құқықтық жұмыс және өндіріп алу бөлімінің жетекші маманы, құқықтық қамтамасыз ету және өндіріп алу бөлімінің жетекші маманы қызметін атқарған.
Одан кейін 2010 жылы Қармақшы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ойысып, мемлекеттік мекемеде экономикалық саясатты дамыту секторының бас маманы және бюджеттік жоспарлау және фискальдық саясат секторының бас маманы қызметтерін атқарады. Әрі қарай осы салада қызметі жоғарылап аудандық бюджеттің атқарылуы жөніндегі сектор меңгерушісі, бюджеттің орындалуы және коммуналдық басқару секторында бас маман және биылдан бастап басқару секторында сектор меңгерушісі қызметін атқаруда.
Майра Рысбекқызы саладағы қызметі мен мемлекеттік қызметші болу жауапкершілігі жоғары екенін айтып, өз пікірін былай жеткізді.
– Мемлекеттік қызметкер – мемлекеттің бет-бейнесі, халыққа қызмет ететін тұлға. Сондықтан ол барлық азаматтарға тең қарап, әділетті шешім қабылдай білуі тиіс. Өз саласын жақсы меңгерген, заңдарды, нормативтік актілерді білетін маман болуы қажет. Халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, мәселесін шеше білу қажет және өз міндетін дер кезінде әрі сапалы орындауы міндетті. Азаматтармен, әріптестерімен сыпайы, салауатты тіл табыса білуі керек. Сондай-ақ қоғаммен байланыс орнатуға қабілетті болуы да маңызды. Қызметтік мүддесін бірінші орынға қоя отырып, Қазақстанның дамуына шын ниетімен үлес қосатын тұлға болуы керек, – дейді ол.
Рас. Мемлекеттік қызметшінің сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы, әдептіліктің бейнесі. Олардың моральдықэтикалық бейнесі мен кәсіби саласына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі жоғары талап қойған.
Майраның жолдасы Данияр Жамбылұлы аудандағы Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы. Бүгінде отбасында 2 қыз, 3 ұл тәрбиелеп отырған бақытты отбасы.
Мемлекеттік қызметші болу – үлкен абырой мен міндет. Ол билік пен халық арасын байланыстырушы буын. Сондықтан басқа мамандық тұрғысымен салыстырғанда мейлінше беделі жоғары. Кейіпкерімізде елге деген адал қызметінің арқасында облыс, аудан әкімінің Алғысына бөленген абыройлы, беделді маман.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
21 маусым 2025 ж. 78 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (10413)

20 маусым 2025 ж.

№44 (10412)

17 маусым 2025 ж.

№43 (10411)

14 маусым 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 950
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30