» » Аудан әкімдігінде актив отырысы өтті

Аудан әкімдігінде актив отырысы өтті

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбекұлының төрағалығымен ауданның әкімшілік-аумақтық бөлінісінің басқару схемасына өзгерістер енгізілуіне байланысты актив отырысы өтті.
Аудан әкімдігінің жаңа құрылымы бойынша аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мен аудандық қаржы бөлімі біріктіріліп – аудандық экономика және қаржы бөлімі, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдері біріктіріліп – аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімдері біріктіріліп – аудандық мәдениет және спорт бөлімі болып қайта құрылды.
Сонымен қатар, аудандық ішкі саясат бөлімінің атауы аудандық қоғамдық даму бөлімі болып өзгертілсе, аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімі облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасына қосылды.
Осы өзгерістерге сәйкес актив отырысында бірқатар кадрлық тағайындаулар орын алды.
Алдымен, аудан басшысы бүгінгі күнге дейін аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы қызметін атқарып келген Шерниязов Берік Бектайұлы Қызылорда облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының Заң бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалуына байланысты жаңа қызметіне сәттілік тілеп, ауданның ең жоғарғы марапаты «Құрмет грамотасын» аудандық мәслихат төрағасы Әділ Үсенұлымен бірге табыстады.
Одан соң, жаңадан тағайындалған аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ниматулла Жанар Абайқызын, аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Бекенов Марат Сәдуақасұлын, аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Омаров Асет Тұрмаханұлын, аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Ержанов Дәурен Дауылбекұлын аудан активіне таныстырды.
Ал, бүгінге дейін аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарып келген Мырзабаев Нұрбол Төлендіұлы аудандық мәдениет және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметінде болған Еркебаев Ерлан Мырзабекұлы ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі қызметіне тағайындалып отыр.
Бұдан бөлек, басқа да кадрлық өзгерістерге байланысты аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы лауазымына ауысу тәртібімен тағайындалған Исаев Ербол Ибашұлын және «Қазпошта» акционерлік қоғамының Қызылорда облыстық филиалының директоры бұйрығымен тағайындалған Қармақшы аудандық пошта байланыс торабының бастығы Ыбраева Гүлжан Рақымбайқызын, Қармақшы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы отырысының хаттамасымен Қармақшы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары болып сайланған Байсынов Аққозыбек Сәдуақасұлын таныстырды.
Аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы жиынды қорытындылай келе, алдағы міндеттерді айқындап, әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызды мәселелер бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.

20 қаңтар 2023 ж. 549 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10336)

07 қыркүйек 2024 ж.

№70 (10335)

03 қыркүйек 2024 ж.

№69 (10334)

30 тамыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 370

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30