» » Оқу-семинар өтті

Оқу-семинар өтті

ЖОСАЛЫ, 5 наурыз – qarmaqshy-tany.kz Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, Қызылорда облысының әкімдігі және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалымен бекітілген іс-шара жоспарға сәйкес Жосалы кенті әкімшілігінің мәжіліс залында аудан әкімдігі мен аудандық мемлекеттік корпорация бөлімшесінің ұйымдастыруымен оқу-семинар ұйымдастырылды.

Семинарға аудан әкімдігіне қарасты аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі, аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімі, аудандық мәдениет және тілдері дамыту бөлімі, аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Мемлекеттік корпорация мамандары «eGov mobil» мобильдік қосымшасына тіркелу және ол арқылы мемлекеттік қызметтерді алу жолдарын іс жүзінде көрсетіп, оның тиімділігі жөніндегі жарнамалық таратылым материалдарын үлестірді.
Шара барысында семинарға қатысушылар мемлекеттік қызметтерді алудағы өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, корпорация мамандарынан тұщымды жауаптарын алды.
05 наурыз 2020 ж. 745 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№31 (10399)

29 сәуір 2025 ж.

№30 (10398)

26 сәуір 2025 ж.

№29 (10397)

22 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 660
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031