» » Бос жұмыс орны жәрмеңкесі

Бос жұмыс орны жәрмеңкесі

ЖОСАЛЫ, 28 ақпан – qarmaqshy-tany.kz Ш.Төлепова атындағы орталық мәдениет үйінде екі қолға бір күрек таппай жүргендерге аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен бос орындар жәрмеңкесі» өтті. Оған әкімдікке қарасты жеті бөлім, мемлекеттік корпорация, ХҚКО мамандары, аудандық кірістер басқармасы, аудандық емхана, аумақтық инспекция мамандары және бес кәсіпкерлік субъектісі қатысты.

Шараны ашқан аудан әкімінің орынбасары Жарқын Омаров, бос жұмыс іздеп келген тұрғындарға жәрмеңке мүмкіншілігін барынша пайдаланып, көкейдегі сауалдарын қоюға шақырды.
Жәрмеңкеге келгендерге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен олардың тиімділігі туралы кеңінен түсіндірілді.
Бүгінде ауданда жұмыссыз 724 адам тіркелген. Кент әкімі аппаратына қарасты «Толғанай» балабақшасы, №105 мектеп-лицейі, Төребай би ауылдық клубы, №111 мектеп және жеке кәсіпкер Ш.Кәрібаевтың «Нұр» шайханасы, кәсіпкер Б.Несіпбаевалар мекемедегі бос орындар бойынша тиісті мамандарға сұраныс жасады. Бос орындар жәрмеңкесі барысында 37 аудан тұрғыны жер қатынастары, құрылыс, сәулет, әлеуметтік сала бойынша қызметтерді алу жөнінде кеңес алса, кәсіп ашамын дегенге гранттар мен несие жайында мәліметтер берілді.
Жәрмеңкеден соң аудан әкімдігінің мәжіліс залында Әдеп жөніндегі кеңес төрағасының қатысуымен қоғамдық кеңес өтті. Күн тәртібінде былтыр аудан бойынша ұсынылған мемлекеттік қызметтің сапасына, қол жетімділігіне жүргізілген мониторингтің қорытындысы қаралды. Онда аудан әкімі аппараты басшысының міндетін уақытша атқарушы Айбек Досановтың өткен жылы ауданда ұсынылған мемлекеттік қызметтердің жайы туралы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Ғалымжан Ілкібаевтың баяндамасы тыңдалды.
Кеңес барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұрман Талқанбаев мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту туралы біршама мекеме бөлім басшыларына сұрақтар қойып, ұсынысын жеткізді. Мемлекеттік қызмет түрлерінің сапалы орындалуын және белгіленген мерзімін қатаң сақтау, көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы арқылы көрсету мүмкіндігі болса да қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілетін қызметтің үлесін азайту керегін айтты. Сонымен бірге ішкі бақылау жұмыстарын сапалы және тұрақты түрде жүргізу, ресми интернет ресурстағы салалар бойынша қабылданған стандарттарды өзектендіру жұмыстарын уақытылы жүргізуге ұсыныс беру жайлы қаралды.
Жиыннан соң әдеп жөніндегі өкіл халыққа қызмет көрсететін мекемелерге, яғни аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, «Жұмыспен қамту орталығы», аудандық емхана, ХҚКО-на арнайы ат басын бұрып ондағы қызметкерлердің жұмыс сапасын пысықтады. Түстен кейін «Nur Otan» партиясы аудандық филиалында кент тұрғындарына қабылдау өткізіп, бірқатар мәселенің шешімін табуға көмектесті.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
28 ақпан 2020 ж. 1 434 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 034

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031