Қуаңдария ауылдық округінде мемлекеттік көрсетілген қызметтердің жәрмеңкесі өтті
Қуаңдария ауылдық округінде аудан әкімі аппаратының электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімі және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының Қармақшы аудандық бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өтті.
Шараның ашылуында ауылдық округ әкімі Ефенов Рустам сөз алып, тұрғындар арасында мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандырудың тиімді жолдары туралы айтып өтті. Қазіргі таңда ауылдық округ әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтің уақытында көрсетілуіне қажетті барлық шаралар қабылданған.
Өткен шараның негізгі мақсаты – тұрғындарға жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ақпараттандыру, сапалы қызмет көрсету, электронды түрде көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Жәрмеңкеде мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша 100-ге жуық түрі қамтылып, 75-ке жуық тұрғынға мемлекеттік қызметтер сапалы және тиімді көрсетілді.
Атап өту қажет шарада мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мемлекеттік қызметті алушыға оңтайлы жағдай жасау болды.
Еліміздегі цифрлық қолтаңба және қызметті электронды түрде алу тәртібі бойынша жаңа форматы қызмет көрсетуді жақсарта түспек.
Сонымен бірге шарада мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар ақпарат алушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Тұрғындарға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының Қармақшы аудандық бөлімі электронды форматта мемлекеттік қызмет алудың тәртіптері туралы ақпараттандыру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі