ҚАРМАҚШЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР САПАЛЫ ЖӘНЕ ТИІМДІ КӨРСЕТІЛДІ
Қармақшы ауылдық округінің тұрғындарына мемлекеттік органмен көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету процессін ықшамдау және тездету мақсатында жәрмеңке өткізілді.
Шараның ашылуында ауылдық округ әкімі Білжанов Әлімбай сөз алып, тұрғындар арасында мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандырудың тиімді жолдары туралы айтып өтті. Қазіргі таңда ауылдық округ әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтің уақытында көрсетілуіне қажетті барлық шаралар қабылданған.
Аудан әкімі аппаратының электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімі және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының Қармақшы аудандық бөлімі ұйымдастырған шараның негізгі мақсаты - мемлекеттік қызмет көрсету саласында әкімшілік процедураларды қысқарту және оңтайландыру, қызметті уақытында және сапалы көрсету, азаматтардың қанағаттанарлық деңгейлерін көтеру болып табылады.
Шарада мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша 15-ке жуық түрі қамтылып, 40-қа жуық тұрғынға мемлекеттік қызметтер сапалы және тиімді көрсетілді.
Атап өту қажет мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мемлекеттік қызметті алушыға оңтайлы жағдай жасау болып табылады.
Еліміздегі цифрлық қолтаңба және қызметті электронды түрде алу тәртібі бойынша жаңа форматы қызмет көрсетуді жақсарта түспек.
Сонымен қатар шарада мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар ақпарат алушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Тұрғындарға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының Қармақшы аудандық бөлімі электронды форматта мемлекеттік қызмет алудың тәртіптері туралы ақпараттандыру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіліп келеді.