» » Елге қызмет - абыройлы міндет

Елге қызмет - абыройлы міндет

Әрбір мемлекеттің дамуына мемлекеттік қызметкердің қосар үлесі мен салмағы ерекше екені даусыз. Еліміздің мемлекеттік мекемелері – ҚР Президенті және Үкіметі белгілеген еліміздің қалыптасуы мен республикамыздың дамуының стратегиялық бағыттарын жүзеге асырудың негізі болып табылады.
Мерекеге орай Төретам кенті әкімі аппаратының жетекші маманы туралы жазбаққа ниеттендік. Осы кенттің тумасы, No80 мектеп-гимназия түлегі Айжан Әлиқызы 2010 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінен «Құқықтану» мамандығын алып шығады. 2015 жылы Төретам кенті әкімі аппаратына заңгер болып қызметке орналасады. Міне, сол жылдан бері ол хал-қадірінше кент тұрғындарынан кеңесін аямай, өз міндетіндегі қызметін адал атқарып келеді.
Қызметі туралы сұрағанымызда «Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден» деп Алаш арысы Әлихан Бөкейхан айтқандай, халықпен жұмыс істеу үшін жағымды мінез-құлық керек. Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті. Демек адамдар арасында осы қызмет туралы дұрыс пікір, оң көзқарас, оған деген айқын сенімділік қалыптасуы қажет. Мемлекеттік қызметкердің еңбегі терең біліктілікті, үлкен жауапкершілік пен төзімділікті талап етеді» деп жауап берді.
– Барша әріптестерімді мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, Отанымыздың даму үрдісімен сабақтас әр күндеріңіз қуаныш пен мақтанышқа толы болсын. Сіздерге мәртебелі істе табыс пен төзімділік тілеймін. Дендеріңізге саулық, ел игілігіне жасалған бастамаларыңызға жетістіктер тілеймін, – деді ол.
Ел үшін еңбек ету – зор құрмет, абыройлы міндет. Адал еңбегімен, қарапайым да ізетті мінезімен танылған Айжан Бердімұратова сынды мемлекеттік қызметшілердің әрдайым абырой-беделі арта түсетіні сөзсіз. Күнделікті жұмысына қарап халық билікке, оның қарапайым халыққа деген көзқарасына баға береді. Осыдан мемлекеттік қызметкерлердің мойнына жүктелген үлкен жауапкершілікті байқауға болады. Мемлекеттік қызметкерлер ұлт қызметшісі болғанда ғана мемлекеттік қызмет мінсіз болмақ.
Отбасында адал жар, аяулы ана атанып отырған Айжан Әлиқызы – қызмет пен отбасын қатар алып жүрген жанның бірі. Өмірлік серігі Әсет Әділбайұлы – Жанқожа батыр атындағы No269 орта мектепте денешынықтыру пәнінің мұғалімі. Адам өмірінің мәні балалары десек, Арайлым, Айлин, Әлішер атты ұл-қыздары көз қуаныштарына айналған бақытты отбасының түтіні түзу.
Қымбат МОЛЫБЕКҚЫЗЫ
22 маусым 2024 ж. 205 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 306

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 403

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930