» » ҚАРМАҚШЫДА БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН АУЛАЛЫҚ КЛУБ АШЫЛДЫ

ҚАРМАҚШЫДА БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН АУЛАЛЫҚ КЛУБ АШЫЛДЫ


1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай аудандық оқушылар үйінде «Қазақстан балалары – бақытты болашақ!» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Аталмыш шара аясында «Жас толқын» аулалық клубының ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы, ел ағалары және құрметті қонақтар қатысып, балаларға ізгі тілектерін арнады.

Іс-шарада оқушылар түрлі шығармашылық бағыттар бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Атап айтқанда, Эбру техникасы, ағашқа күйдіріп сурет салу, Resin Art, құрғақ жүннен картина жасау секілді қолданбалы өнер бағыттарында балалардың жұмыстары көпшілік назарына ұсынылды.

Сондай-ақ, шара барысында киіз үй ішінде ұлттық ойындар мен қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылып, хор ұжымы мен өнерлі оқушылардың концерттік бағдарламасы көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

31 мамыр 2025 ж. 232 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031