» » "Болашағы біз елдің"

"Болашағы біз елдің"

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданының оқушылар үйінде "Болашағы біз елдің" тақырыбында "Жас толқын" аулалық клубының ашылуы болып өтті.

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған шара Оқушылар үйінің балғындарына қуаныш сыйлады. Шараның негізгі мақсаты балалар балалық шақтарын бақытты сезінуге, елінің білімді де, тәрбиелі азаматы болуға тәрбиелеу болып табылады.

Мерекелік кеш бауырсақтардың жаңа достармен танысып, мерекені тамашалаудан бастау алды. Оқушылар үйінің директоры Индира Жанайдарқызы балаларды мерекелерімен құттықтап, ыстық лебізін білдірді. Сонымен қатар бишілердің "Ленталы би", "Үнді" биі, "Заманауи" билері көрерменнің жүрегінен жол тауып, кешті қыздыра түсті.

Сондай-ақ өнерлі өрендер мерекелік ән айтып, балаларға қуаныш сыйлады. Сайқымазақтармен бірге әртүрлі ойындар ойнатылып, балалар бағалы сыйлықтарға ие болды. Шара барысында оқушылар "Біз бақытты баламыз" тақырыбында асфальтқа сурет салды. Әдемі салған суретшілерге оқушылар үйінің дипломдары мен алғас хаттары табысталды. Мерекелік шара соңында балмұздақ таратылып, балалар көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
02 маусым 2023 ж. 892 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 939
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 577

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930