» » Жазғы «Жас толқын» аулалық клубының ашылу салтанаты өтті

Жазғы «Жас толқын» аулалық клубының ашылу салтанаты өтті


Қармақшы ауданының оқушылар үйінде 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Алтын балалық шақ» декадасы аясында «Жас толқын» аулалық клубының ашылуы мерекелік іс-шара болып өтті.

Аталмыш шараға аудандық білім бөлімінің басшысы Абдазиева Гульлзира Мажитқызы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Тоқшылықова Ақтолқын Каналбекқызы және оқушылар үйінің ардагер ұстазы Мырзабаев Төлеш ағай қатысып, алдымен «Әлем бала көзімен» тақырыбында оқушылардың асфальтқа және қағаз бетіне өз қиялдарын бейнелеген суреттерін тамашалады.

Ойынға жаны құмар балғындар үстел ойындарынан түрлі қызықты ойындар көрсетсе, «Robo kids» үйірмесінің мүшелері «Техно құбылыс» тақырыбында роботтар көрмесімен таныстырды. «Шебер қолдар» үйірмесінің шеберлері саз балшықтан құмыра жасап көрсетті.

Содан кейін ғимарат ішінде «Ойы бөлектің жолы бөлек» тақырыбында дойбы сайысы мен «Жұлдыз бол!» интерактивті ойынына куә болды. Кеш қонақтары балғын бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтап, «Жас толқын» аулалық клубының алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Мерекелік шара өнерпаздардың ән биімен жалғасын тапты.

03 маусым 2024 ж. 323 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 373
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 148

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930