» » ИНАБАТТЫ КЕЛІН – ЕЛГЕ КӨРІК

ИНАБАТТЫ КЕЛІН – ЕЛГЕ КӨРІК

Әдемі де әдепті, ибалы да инабатты келіндер – салт-дәстүрдің ұлықтаушысы әрі ұлттың ұйытқысы. Дана халқымызда «Келіні жақсы үйдің – керегесі алтын» деген тәмсіл бар. Қазақ халқы үшін келіннің орны қашанда бөлек. Иә, қазақ халқында «Жақсы қыз болу – бақыт, жақсы ұл болу – одан да үлкен бақыт, ал жақсы келін болу – нағыз бақыт» деген мақал бар. Қай кезде де қазақтың келіндері өздерінің ибалылығымен, инабаттылығымен үлкенге де, кішіге де үлгі бола білген.
Жуырда саусақтары майысқан шебер, мінезі ұяң, жүрегінен ән, жүріс-тұрысынан ибалық ескен тәрбиелі қазақтың келіндерінің тірлігін көпшілікке үлгі-өнеге ретінде дәріптеу мақсатында академик, С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінде Ажар Қырғызбаева мен Айкүміс Қосуақованың ұйымдастыруымен «Инабатты келін – елге көрік» атты кол- ледж оқытушылары арасында келіндер сайысы өткізілді. Білім саласында табысты еңбек етіп, бір отбасының түтінін түтетіп, әулет тізгінін жалғап отырған берекелі келіндер ұлттық киіммен сахнаға көрік берді. Келіндер сайысы «Таныстыру», «Өз өнерін көрсету», «Ас мәзірі», «Сұрақ-жауап» секілді 4 кезеңнен тұрды.
«Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай, көл дария секілді пейілдері- ай» дегендей, сайысқа қазақ келіндерінің бар болмысын бойларына жиған Айдана Кенжебаева, Жанат Жанұзақова, Ажар Арықбаева, Баян Қожанова, Гүлжазира Байтерекова, Ырысты Дүйсенбаева сынды 6 келін баптарын да, бақтарын да сынады. Сайысқа Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің Байқоңыр қалалық филиалының төрайымы Қанымша Сыражанова, «Аманат» партиясының Байқоңыр қалалық филиалының сектор меңгерушісі Кенжегүл Мұханова, колледж директорының оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Нұргүл Алимбаева қазылық жасап, төрелік етті. Сайыс кезеңдері бойынша келіндер өздерінің өнерін көрсетіп, сыннан сүрінбей өтті. Байқау қорытындысында бас жүлдені Баян Қожанова жеңіп алды. Жүлделі І орынды Жанат Жанұзақова, ІІ орынды Ажар Арықбаева мен Гүлжазира Байтерекова, ІІІ орынды Ырысты Дүйсенбаева мен Айдана Кенжебаева иемденді. Сайысқа қатысушы барлық талапкерге арнайы диплом, бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Иә, қазақ халқында келіннің орны қашанда ерекше. Бүгінгі төрімізде отырған қызымыз ертең бір азаматтың жары, бір әулеттің келіні, болашақ ана. Сондықтан әрбір қазақ қызы өз шаңырағының бақыты болсын дейміз. Сахнада да сәлемін үзбеген инабатты келіндер, бір-бірін қолдауға дайын шаттығы шалқыған отбасылардың қатары арта берсін.
Шолпан ДӘУЛЕНБАЕВА,
академик, С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары
колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
29 наурыз 2025 ж. 369 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 560
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930