» » АҚЫН АТЫНДАҒЫ АЛАМАН

АҚЫН АТЫНДАҒЫ АЛАМАН

Абай ізін жалғастырушы, адамдық жолын айнытпай танытқан Шәкәрім жырлары – бүгінгі ұрпақтың бойтұмары. Шәкәрім өлеңдерінің тақырып ауқымы өте кең. Соның ішінде ойып орын алары рухани адамгершілік мәселесіне қатысты ойлары. Ол әрбір өлеңінде адамгершілік, ар-ұят тақырыбын алға қояды. Оның өлең жолдарынан кісіліктің келбетін танытар асыл қасиеттермен сусындауға болады.
Осындай ойлы өлеңді ұрпақ санасына дарыту мақсатында биыл үшінші рет республикалық «Шәкәрім оқулары» ұйымдастырылып келеді. Ақын, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын насихаттауды көздеген сайыстың аудандық кезеңі «Руханият орталығында» өткізілді. Аудандық орталықтандырылған кітапхананың ұйымдастыруымен өткен байқауда 18 үміткер бақ сынады.
Байқау ережесіне сәйкес, қатысушылар Шәкәрім өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Сайыста қатысушылардың байқау шартына орай таңдалып алынған 20 өлеңді толық жаттауы, оны оқу шеберлігі, өзін ұстау талаптары басты назарда болды.
Қазылар алқасының шешіміне сәйкес, бас жүлдені Ақжар ауылына қарасты No28 мектептің 7-сынып оқушысы Бағлан Жолдас иеленіп, Қызылорда қаласында өтетін «Шәкәрім оқулары» облыстық байқауына жолдама алды. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің дипломдары мен алғыс хаттары табыс етілді.
Жас ұрпақты адамгершілік биік мұраттарға, адалдық пен ақылдылық, парасаттылық пен азаматтыққа үндейтін Шәкәрім шығармалары әлі де өміршең. Өйткені адамгершіліктің ақ туын жоғары ұстаған бабаларымыздың тәлім-тәжірибесінің, қағидаларының жас ұрпаққа берері мол.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
24 наурыз 2025 ж. 361 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 088
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 746

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031