» » Бүгін – Шәкәрім Құдайбердіұлының туған күні

Бүгін – Шәкәрім Құдайбердіұлының туған күні

Бүгін – 11 шілде (кейбір деректе 24 шілде) Шәкәрім Құдайбердіұлының (1858-1931) өмірге келген күні, деп хабарлайды BAQ.KZ.Шәкәрім Құдайбердіұлы дана Абайдың дәстүрін жалғастырушы ірі ақын, ғұлама ойшыл, тарихшы, аудармашы, сазгер. Ол бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыстаудың бөктерінде 1858 жылы дүниеге келген.

Семей қаласының әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Семейде Орталық саябақтағы Шәкәрім ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті.

Бүгін – ұлы ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының туған күні
Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай, туған өлкесі Семейде бастау алған «Шәкәрім жүрген ізбенен» шарасы бүгін 11 тамыз күні ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым ету рәсімінен басталды.

Іс- шараға еліміздің әр өңірінен, Астана, Алматы, Павлодар, Теміртау қалаларынан келген ақын ұрпақтары қатысты. Алғашқы құттықтау сөз Абай облысының әкімі Нұрлан Телманұлы Ұранхаевқа берілді.

Сонымен бірге республикалық «Абай» қорының Президенті Отантай Кәріпжанов және ақынның шөбересі Нұрлан Мерекеұлы Зият сөз сөйледі. Бағдарлама аясында 11-12 тамыз күндері Семейде және Абай ауданында кемеңгер ақынның шығармашылық мұрасын насихаттау, халық жадында қалдыру мақсатында көптеген іс-шаралар өтеді.

Бүгін – ұлы ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының туған күні
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық музейінде «Шәкәрім мұрасы-халықтың асыл қазынасы» көрмесі және суретші Мақаш Әлиақпаровтың «Шәкәрім әлемі» сурет көрмесі ашылды.

Іс-шаралар 12 тамызда Абай ауданында жалғасын табады. Бағдарлама барысында қонақтар Жидебайдағы Абай музей үйімен, «Шәкәрімнің саят қорасы» экспозициясымен және ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты тарихи орындарды аралайды.

Сонымен қатар Жидебайдағы амфитеатрда « Шәкәрім баба өсиеті» облыстық жазба ақындар мүшайрасы және мерекелік «Қаламқас» ән-би ансамблінің концерті өтеді.

Адамдықтың ақ жолын, арлылықты өмірінің соңына дейін жырлап өткен қазақтың ғұлама ұлы Шәкәрім Құдайбердіұлының мұрасын насихаттау ақынның 165 жылдық мерейтойымен еш шектелмек емес.

baq.kz/​​​
11 шілде 2023 ж. 474 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 403
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 203

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930