» » Шәкәрім тұлғасының биіктілігі

Шәкәрім тұлғасының биіктілігі

qarmaqshy-tany.kz Бүгін 31 қаңтар күні ауылдық кітапхананың КОВОРКИНГ орталығында қазақ ақыны, ойшыл, аудармашы, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына арналған "Шәкәрім тұлғасының биіктілігі" атты тақырыбында әдеби сағат болып өтті.

Әдеби сағаттың мақсаты: ақынның өмірі мен шығармашылығымен тереңірек танысу, ақын туралы білімдерін дамыту, Шәкәрімнің өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу, адами сезімді қастерлеу болып табылады.

Кітапханашы Р.Тұрманова Шәкәрімнің қазақ мәдениеті тарихында орны зор, еңсесі биік ерекше тұлға екенін, оның өмірбаяны мен шығармалары туралы кеңінен айтып берді.

Кітапхана оқырманы Орынбасаров Нұрдаулет ақынның "Насихат" атты өлеңін оқыса, сондай-ақ оқырмандар бейнепроектордан Шәкәрім Құдайбердіұлының "Бай мен кедей" атты поэзиясын тыңдап тамашалады.

Әдеби сағат барысында оқырмандар ақын туралы қойылған сұрақтарға жауап берді.

Оқырмандар алма-кезек ақынның кітабынан өлеңдер оқып, кітапханада ұйымдастырылған "Шәкәрім тұлғасының биіктілігі" тақырыбындағы кітап көрмесімен танысты.

31 қаңтар 2023 ж. 683 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 122
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 706

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031