» » Аудандық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы

Аудандық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы

Бүгін аудандық кітапханада Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен Алаш қозғалысының рухани көсемі, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін қалаушы, ақын, аудармашы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай «Тіл білімінің атасы - Ахмет Байтұрсынов» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты Ұлт ұстазы, ақын, аудармашы, А.Байтұрсыновтың шығармалары арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, отансүйгіштікке тәрбиелеу, талантты жастарды ынталандырып, әдеби шеберлікке баулу, тіл мәдениетінің деңгейін көтеру, адамгершілікке, қарапайымдылыққа, өз бойларына асыл қасиеттерді сіңіре білуге баулу.
Байқауға 23 талапкер қатысты, байқауға төрелік жасаған Қаратаева Райкүл ардагер ұстаз, Раева Гүлжауһар "Қазақ тілі" қоғамының төрайымы, Әлиаскаров Нұркен Аудандық мәдениет үйінің қызметкері.
Байқау қортындысы бойынша Ақжар ауылдық кітапханасының оқырманы Сәбиетова Асылзат-Бас жүлде,
I- орын Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқырманы Ерғалиева Дарина,
II-орын Көмекбаев ауылдық кітапханасының оқырманы Қарақбай Мадияр,
III- орын Иіркөл ауылдық кітапханасының оқырманы Асанова Жансая,
III- орын Қызылтам ауылдық кітапханасының оқырманы Берікбол Маржан иеленді.
Басқа қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Марапаттарыңыз құтты болсын оқырмандар!
22 маусым 2022 ж. 925 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10494)

10 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 832
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 519

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930