» » Ұлттың ұлы ұстазы

Ұлттың ұлы ұстазы



«Білімді болуға оқу керек
Бай болуға кәсіп керек.
Күшті болуға бірлік керек.
Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек»
Ахмет Байтұрсынұлы

Елімізде республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ, жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүм­кіндік туғызады.
2022 жылы «Бір ел – бір кітап – 2022» республикалық акциясы аясында оқуға ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы шығармалары ұсы­нылып, қорытындысында акция аясында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларын бүкіл ел болып оқу бір ауыздан қолдау тапты.
Ел тұрғындарына Ахмет Байтұрсынұлының шы­ғармашылығын келесі бағыттар бойынша оқу ұсынылады. Ол­ар ғылыми мұрасы, әдеби шығармалары, қанатты сөздері және қазіргі Ахметтану ғылымы.
Биыл 2022 жыл бәрімізге белгілі қоғам қайраткері ғалым, ақын, публицист, ағартушы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде және елімізде аталып өтілмекші.
Ахмет Байтұрсынов – ұлы тұлғалардың бірі, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, қазақтың ақыны, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқы оны «Ұлт ұстазы» деп атайды. Ол мұндай құрметті мәртебеге ғылыми және әдеби қызметі үшін ие болған еді.
Атақты түрколог, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ірі энциклопедист-ғалым 1872 жылы қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы Сарытүбек деген жерде ел арасында беделді Шошақұлы Байтұрсынның ша­ңырағында дүниеге келген. Алдымен ауыл мектебінде хат таниды, Торғайдың екі сыныптық орыс-қазақ мектебін 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мұғалімдік мектепте оқып білім алады. Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерінің туғанына 150 жыл толуына орай Ақжар ауылдық кітапханасында «Ұлт­тың ұлы ұстазы» тақы­рыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрме бір жыл бойы жұмыс істемек.
Осы мақсатта біз кітапхана тарапынан көпшілікке Ахмет Байтұрсынов туралы, елі үш­ін жасаған қызметін, жазған еңбектерін дәріптеуде жыл кө­лемінде іс-шаралар өткізуді жос­парлап отырмыз.
Ақмарал ӘМІРАЛИЕВА,
Ақжар ауылдық кітапханасының
кітапханашысы
12 ақпан 2022 ж. 3 758 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930