» » "Қайсар рухты ақын"

"Қайсар рухты ақын"

ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарында қазақ поэзиясында өз болмысымен, өз үнімен жарқ етіп танылған М.Шаханов- қазақтың біртуар көрнекті ақыны. Асқан талантымен, айбынды ақындығымен, асқақ азаматтығымен ерекшеленген ірі тұлға.
Қазақстанның халық ақыны, жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, Түрік халықтарының арасынан шыққан ең үздік әлем ақыны, сазгер - Мұхтар Шаханов - 80 жасқа толды.
М.Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік аулында дүниеге келген.
Қызмет жолы - трактордың тіркеушісі, облыстық "Оңтүстік Қазақстан" газетінде корректор, әдеби қызметкер, "Лениншіл жас" газетінде меншікті тілші, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, Жалын журналының бас редакторы, КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, ҚР халық депутаты, Қырғыз Республикасының Халық ақыны.
Ауылдық кітапханада Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар. Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығына арналған "Қайсар рухты ақын" атты әдеби сазды кеш болып өтті. Кеште оқырмандар ақынның шығармаларымен, өмір жолымен танысып көптеген өлеңдерін, әндерін орындады. Сонымен бірге ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған "Сырсандық" атты сұрақтар қойылып, оқырмандар ақын туралы мәліметтерге қаныға түсті.
Кештің мақсаты ақын жырларының құдіретін сезіну, тіл шұрайын таныту, тарихи шындықты сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білу, адамгершілік, отансүйгіштік қасиеттерді оқырмандардың бойына сіңіру.
27 қыркүйек 2022 ж. 541 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 373
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 148

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930